Практикалық сабақ 10. Таза суды дайындау әдістері Тапсырма1. Берілген мәтіннен сұрақтар дайындаңыз.
Өздік бақылау сұрақтары 1. Судың тазалау процестері.
2. Суды тазартудың технологиясы .
3. Суды тазалау әдістері қандай болады?
4. Коагуляция процесі дегеніміз не?
5. Слайд жасау.
Суды алдын-ала тазарту. Табиғи сулардың құрамында әр түрлі дәрежедегі дисперсті қоспалардың болуы оны бірнеше сатылы тазалау қажеттілігін тудырады. Бірінші сатыда судан колоидты және қатты дисперсті заттар жойылады, келесі сатыда ионды дисперсті заттар мен еріген газ жойылады.
Суды өңдеу технологиялық әдістерінің тандалған реттілігінің жүйелі тәсілі тазалаудың әртүрлі сатыларының техника-экономикалық көрсеткіштерінің оптимизациясы, жеке аппараттар жұмысының автоматизациясы және жалпы су дайындайтын қондырғы жұмысының тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен байланысты. Мысалы, табиғи судың құрамындағы органикалық заттар ВПУ анион алмасу бөлігінің нашарлауын тудырады (аниониттер қартаюы, регенерация кезінде сілтілер шығынының жоғарылауы) ал темір қосылыстары ВПУ да қолданылатын аппараттарда мембраналардың улану себебі болуы мүмкін. Қосымша судың колоидты және қатаң дисперсті заттардан эфективті емес тазалау қызудың бетінде қақтың түзілуінің және турбиналардың ағатын бөлігінің элементтерінің коррозиясының себептерінің бірі болып табылады, бұл алдынғы тазалау деп аталатын судың колоидты және қатаң дисперсті қоспаларынан тазалаудың бірінші сатысының маңыздылығын сипаттайды.
Алдын ала тазалау арнайы әдістер арқылы іске асады, оларды реализациялау нәтижесінде арнайы реагенттерді дозалау кезінде кейбір қоспалар судан 0.1-1 мм көлемінде мақта түрінде бөлінеді. Суды алдын ала тазалануының негізгі технологиялық процестері коллоидты қоспалардың коагуляциясы (іріленуі) және әктену болып саналады, олар көбінесе бір жарықтандыру аппаратында суммарлық технологиялық эфектісін жақсарту және ақша шығындарын төмендету мақсатында жиналады. Қатаң дисперсті қоспалардан жарықтандырудан кейін су қосымша тазалау фильтрационды әдіспен жүргізіледі.
Сол арқылы коагуляция процесінде түзілетін (немесе әктенумен біріккен коагуляция) алғашқы қатаң дисперсті қоспалар мен әктен суды тазалау екі сатылы жарықтандыру кезінде жарықтандырғышта тұндыру және фильтрлеу жолымен қол жеткізіледі.
Өздік бақылау сұрақтары 1. Судың тазалау процесін айтып бер.
2. Суды тазартудың технологиясы туралы айтып бер.
3. Суды тазалау әдістері қандай болады?
4. Коагуляция процесі дегеніміз не?
5. Слайд жасау.