«Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш!» деген
(«Хумəзə» сүресі, 1-аят) аят
мұсылмандарды
келемеждегендерге,
өсектегендерге
үлкен
азап
барын
меңзейді.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
«Мұсылман бауырын кемсіткен адамның мойынына ауыр күнə жүктеледі. Əрбір мұсылманға басқа мұсылманның қаны, малы жəне ары харам» [180] дейтін хадисі де бұған дəлел.
Мұсылмандар іргетасы мықты, кірпіші берік қаланған қабырға секілді мығым болуға,
ынтымағы жарасып, бірін-бірі алаламауға, сөкпеуге, кемсітпеуге тиіс.
Тəкаппарлық – ақиқатты мойындамау, адамдарға жоғарыдан астамсып қарау, менсінбеу
тəрізді адамның суқаны сүймейтін сұрқия мінездер жиынтығы
[181]
. Мұндай асылық ойдың
ұшқыны жүректе жатса, ол адам жаннаттан мақұрым қалады. Тегінің мықты, зəузатының
қабілетті, ата-бабасын айтып мақтану, сөйтіп, өзін басқалардан артық санау да кісі ақысын
бұзудың бір түрі
[182]
. Бір ұлттың басқа ұлттан, бір нəсілдің басқа нəсілден ешқандай
артықшылығы жоқ. Артықшылық тек тақуалықпен өлшенеді. Сондықтан, нəсілшілдік пен ұлт
араздығын тудыратын, қоздыратын идеяларды тарату да кісі ақысын бұзу болып табылады
[183]
.
Мүмин адам екі елі аузына төрт елі қақпақ қойып, бейпіл сөйлеп, балағат сөз айтып аузын
былғамайды.
«Мүмин басқаларды даттамайды, қарғап-сілемейді, бейпіл сөз бен бейəдеп қылық көрсетпейді» [184] , – дейтін хадис – мұсылман əдебінің жұртты қараламау, ар-ұжданды
қастерлеу, əдепсіздікке бармау, өзгені қарғап-сілемеу секілді əсем де, көрікті дағдылардан
құралғанын танытады. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
өлген кісінің артынан
жаман сөз айтуға тыйым салған. Бұл айтылғандардың да кісі ақысын мансұқ ету санатындағы
əрекет екенін білген дұрыс
[185]
.