Əбу Рифаға (р.а.) былай деген: «Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
құтпа айтып жатқанда
қасына барып: «Уа, Аллаһтың елшісі, дінін білмейтін бір ғаріп дінін үйренуге келді», – дедім.
Ол
маған
бұрылып қарады, сосын ісін доғарып қасыма келді. Оған дереу төсеніш əкелінді.
Жайғасып отырды да, Аллаһ тағала білдірген нəрселерді маған баяндады. Маған айтатындарын
айтқан соң, қайтадан құтпасын жалғастырып, сөзін аяқтады»
[174]
.
Тарихтан пайғамбар атаулының бəрі азын-аулақ қой баққанын оқып, білеміз.
Пайғамбарымыздың өзі де Қарарит деген жерде меккеліктердің қойын баққанын айтқан
[175]
.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бірде: «Қойдың сирағын, не жауырынын жеуге шақырсаңдар,
дереу барамын. Қойдың сирағын не жауырынын сый-сыбаға ретінде тартсаңдар, аламын», –
деген екен
[176]
.
Жасандылыққа бой алдыру кісіні жақсылыққа апармайтын жағымсыз əрекеттердің
бастауы. Амал-ғибадатын басқаларға көз қылып істеген адам сырттай тəп-тəуір
көрінгенімен,
ішкі дүниесі əлем-жəлем болып рия деген кеселге оңбай ұрынады. Жасандылық пен жұрт
алдында жақсы көрінуге ғана ұмтылу, Аллаһ үшін жасалар
ғибадаттың дұрыс орындалуына
кесiрін тигiзедi. Ақырында Аллаһ ақысын аяқасты етуге дейін алып келеді.
Құран кəрім де жасандылықтың екіжүзді мұнафықтарға тəн белгі екенін айтқан:
Достарыңызбен бөлісу: