«Бұлар дəулетті, текті деп ант-су ішкен ынжықтарға ерме, өсекшіге, жақсылыққа тыйым салушыға, шектен шығушы күнəһарға, сотқарға, сондай-ақ тексізге де» («Қалам»
сүресі, 10-14 аяттар).
«Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы, жазып қоюшы дайын тұрады» («Қаф» сүресі, 18-аят).
«Сөз тасыған жəннатқа кірмейді» [189] .
Сөз тасыған адамға өзінің қылығы елеусіз көрінгенімен, мұның азабы ауыр болатыны мына хадисте айтылады. Б ірде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
екі қабірдің қасынан өтіп бара
жатып,
«Бұл екеуі де қаперіне алмаған күнəлардан қабір азабын тартып жатыр. Біреуі сөз тасығаны үшін, ал екіншісі болса зəр сындырғанда сақтанбағаны үшін» деген еді [190] . Көпшілік мұсылман осылайша «бір-екі ауыз сөз не тəйірі», «бір-екі тамшыда тұрған не
бар?» деумен адасады, азапқа ұрынады. Негізі кішкентай күнəнің қайталана берсе таудай
көлемге ие боларын ұмытпаған жөн. Айша анамызға (р.а.) жала жабылып, сол бүлік сөзді елге
жайғандарға Құран: