«Сендер кітаптың кей бетіне сеніп, кей бетіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім бұлай істесе, əрине, олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлық, қиямет күнінде сұмдық азап болады. Аллаһ тағала істеген істеріңнен хабарсыз емес» , – деп
айтқанын естен шығармайық. («Бақара» сүресі, 85-аят).
Басқалардың айыбын əшкерелеуге ешқандай да қақымыз жоқ. Мəселен, əл-ауқаты жақсы
бауырымыздың үйін қымбат жиһазбен толтырғанын көрсек, ол туралы «пəленшекең көзіне шел
бітіп өзгерді, дүниенің қызығына алданып, жиған-тергенімен шаңырағын сəндепті» деу əбестік
саналады. Өйткені, жақсы тұрмыс, жайлы үй иелену дінде харам емес, ал мұны өсек сөздің
желеуіне айналдырып, адамды шенеп-мінеу харам. Жұпыны киіну, шидің үстіне жату
тақуалықтың бір нышаны шығар, бірақ, жұрттың барлығы солай күнелтуі керек деген түсінікке
орын жоқ. Тақуалық дəмді дастархан мен қымбат матадан киінуге қарсы тұру деп ұқпауымыз
керек. Өмірде бай бола тұра қызылды-жасылды дүниеге берілмей, керек кезде тəрк ете алар
тақуалардың болғаны секілді, өмір бойы кедейліктен көз ашпаса да тақуалыққа əсте бой ұрмаған
адамдар болған.
Қымбат шапан жамылып, бағалы көлік мінгендердің ісі ысырап саналуы да, саналмауы да
мүмкін. Шынтуайтында, мəселенің бəрі ниетке кеп тіреледі. «Маған мұсылман еместер сынай
қарайды, Исламның абыройы үшін сəнді, жарасымды киінуім керек» деген адам гардеробын
толтырып киім жинаса, мұнысы харам емес, аздаған шашып-төгу ғана болмақ. Ысыраптың да
түрлі деңгейі бар. Сондықтан, дүние жиған мүминдердің əрекетін күстəналап «ысырап етуін
қарашы» деп сөгу дұрыс емес.
Имам Ғазали «Мұсылман еместі ғайбаттаудың үкімі не болмақ?» деген сауалға былай дейді:
«Ғайбат сөзді мұсылман айтса үш нəрсеге себеп болғандықтан тыйым салынады: бірінші – кісіге
тіл тигізгені үшін, екінші – Аллаһ жаратқан құбылыстың бойынан кемшілік іздегені үшін,
үшінші – уақытты босқа өткізгені үшін».
Бұл қағидадан біз мұсылманды ғайбаттаудың харам екенін, бойынан кемшілік іздеу мəкрүһ
екенін ұғамыз. Сондай-ақ, Ислам мемлекетінде өмір сүретін мұсылман еместі де жəбірлеуге
болмайды. Өйткені, Аллаһ оның дінін, жанын жəне малын өз қорғауына алған. Ибн Хиббанның
кітабында баяндалған мына хадис осыған дəлел. «Иудей немесе христианға жапа шектірген адам
жаһаннамдық». Бұдан басқа соғыс жағдайындағы (харби) мұсылман еместі ғайбаттау харам емес
деп айтылғанын да қоса кеткен жөн
[191]
.
Аллаһ тағала: