18. Түшкіріп «әлхамдулиллаһ» дегенге «ярхамукаллаһ» деу (Аллаһтан жарылқау тілеу) Мұсылманның діндес бауырына дұға етуі – туыстық жақындықтың бір көрінісі.
Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасының қабыл болатыны кəміл.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай деген:
«Аллаһ түшкіргенді жақсы көреді, есінегенді ұнатпайды. Кімде-кім түшкірсе, сосын Аллаһ тағалаға шүкіршілігін білдірсе, оның мадағын естіген əр мұсылманның «ярхамукаллаһ» деп айтуы уəжіп. Ал, есінегенде шайтан араласады. Шама келгенше есінемей, өздеріңе бекем болыңдар. Өйткені, адам есінегенде шайтан оған күледі» [211] .
Түшкіру – нығмет. Ол деннің саулығының, ағзаның ауруға қарсы тұруының нышаны.
Берілген несібеге шүкіршілік жасағанымыз сияқты, түшкіргенде де шүкіршілік еткен жөн.
«Бірде Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жанында қатар тұрған екі кісі бірдей
түшкірген-ді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
біреуіне ғана: «ярхамукаллаһ» дейді. Сонда
екіншісі: «Мынау түшкіргенде оған «ярхамукаллаһ» дедіңіз. Мен түшкіргенде үнсіз қалғаныңыз
қалай?» – дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
оған: «Ол түшкіргенде Аллаһты еске алып
«əлхамдулиллаһ» деп айтты, ал сен бұл сөзді айтқан жоқсың», – деп жауап берген екен»
[212]
.