жауып, ашық күнə жүктеп алды»
делінген («Ахзаб» сүресі, 58-аят). Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм)
əйелдерге зина жасады деп жала жабуды ең үлкен жеті күнəнің бірі санаған
[213]
.
Адамның шыққан тегін, ата-бабасын қаралау кісі ақысына нұқсан келтірудің бір түрі. Бір
пенденің екінші пендені балағаттап, ата тегіне тіл тигізуге қақысы жоқ. Əсілі, мұсылманды
тексіз, некесіз туды деуден асқан жамандық болмаса керек. Харам сипатындағы бұл қылық
туралы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Кісінің ата-тегіне тіл тигізу, өлгеннің артынан
дауыс салып жылау – бұл ел ішінде əдет болған надандық жəне кəпірлердің ісі»
, – деген
[214]
.
Достарыңызбен бөлісу: |