Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы



Pdf көрінісі
бет102/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

20. Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы
Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадиске назар аударайық: 
«Мұсылманның
мұсылманда отыз ақысы бар. Бұлар жүзеге асырылмайынша, не кешірілмейінше, оған амандық
(құтылу) жоқ»
. Мұсылманның отыз ақысы мыналар:
Сəлемін алу;
Көмектесу;
Үнемі жақсылық жасау;
Айыбын жасыру;
Мұсылман бауырының қателігін кешіру;
Жылағанда жұбату;
Қателігіне көз жұму;
Кешірім сұраса, кешіру;
Реті келгенде ақылын айту;
Қал-жағдай сұрасу;
Жақсылығын жақсылықпен қайтарып, алғысын айту;
Жоғалтқанын тауып алса иесіне беру;
Тапсырмасын орындау;
Жəбір көргенді құтқару;
Бергеніне разы болу;
Достығына сызат түсірмеу;
Уəде де тұру;
Ауырып қалса көңілін сұрау;
Жаназасын шығару;
Шақырғанда бару;
Сый-сияпатын алу;
Бауырының халалына (жарына) қарамау, өзгені де қаратпау;
Туыстарына мейірбан болу;
Тек жақсы сөз айту;
Беретінін бөлек қою;


Залымды зұлымдығынан тыюға көмектесу;
Зорлық көргенге жақсылық жасау;
Өсектемеу, өсектетпеу жəне біреулер өсектеп жатса тыңдамау;
Түшкіргенде «ярхамукаллаһ» (Аллаһ сені жарылқасын) деу;
Өзі үшін тілегенін оған да тілеу;
Бұлардың біреуін тəрк етсе, қиямет күні мұсылман бауыры одан осы ақысын сұрайтын
болады»
[215]
.
Кісінің, менше, балам, хақын жеме,
Түбінде жарамайды жегіш неме.
Тірі күнде құтылдым қарызымнан,
Артымнан «əкем айтпай кетті» деме.
Əріп Тəңірбергенов (1856-1924)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет