V БӨЛІМ
САУДА ІСІНДЕГІ КІСІ АҚЫСЫ
Сауда ісіндегі жағдайлар
Біз бұл тарауда сауда қатынастарында кісі ақысын мансұқ етпеуді, дінімізде харам саналған
табыс көздерін əдетке айналдырмауды жəне сауда ахлағына қатысты кейбір мəселелерге
тоқталмақпыз.
Қоғамымызда жиі орын алатын адамзат дерті парақорлық, алдау, таразыдан жеу, қарызды
дер кезінде қайтармау, біле тұра елеулі кемшілігі бар немесе жарамдылық мерзімі өткен
тауарларды сату секілді əрекеттер кісі ақысын бұзу болып табылады.
Бұған қарап əлемдік сауда нарығының көптеген əдіс-тəсілдерінен кісі ақысының сəт сайын
аяқ астында тапталғанын көреміз. Қалбырдағы жартылай пісірілген тамақ өнімдеріндегі
химиялық консерванттар, эмульгаторлар, синтетикалық қоспалардың тигізер орасан зиянын біле
тұра оңай олжаға кенелуді көздеп, оларды тағамдардың құрамына нормадан тыс қосудың жəне
мұны өнімнің рецептурасында, не болмаса дайындалу технологиясында көрсетпеудің, қызылды-
жасылды жапсырмалармен жұрттың назарын аударудың, жалған жарнама жасаудың да кісі
ақысына тікелей қатысы бары рас.
Табыс табудың дінде тыйым салынған түрлері мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |