Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Уа, мүминдер, уəделеріңді орындаңдар»



Pdf көрінісі
бет96/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Уа, мүминдер, уəделеріңді орындаңдар»
(«Мəида» сүресі, 1-аят), 
«Сертті орындаңдар. Сөз
жоқ уəде сұралады»
(«Исра» сүресі, 34-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бір хадисінде мұнафықтың төрт белгісі барын айта келе:
«Ол берілген аманатқа қиянат жасайды, өтірік айтады, сөзінде тұрмайды, шектен шыға
жаулық қылады»
, – дейді
[202]
.
«Сертін бұзғандар қиямет күні əшкере болады. Уəдесінен тайғаны үшін бұл пəленшенің
опасыздығының ишарасы деп оған байрақ тігіледі»
[203]
деген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə
сəл л əм) 
тағы бір хадисте былай дейді: 
«Қиямет күні əр опасыздың ту сыртында байрақ
орнатылады жəне ол ту опасыздығының шамасына қарай биіктей береді. Біліп қойыңдар,
билеушінің опасыздығынан өткен сорақылық жоқ»
[204]
.
Ел басқару үлкен жауапкершілік. Хадистерде басқару ісінің шырғалаңы мол екені, əділ
билеушіге жақсылықтың үйіліп-төгілетіні айтылады. Адамдар көлеңке таппай, күйдірген күн
көзінен жаны қысылатын қиямет күні Аллаһтың мейірбандық көлеңкесін саялайтын жеті
топтың қатарында əділ билеуші де барын айтқан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
Əбу Зарға
(р.а.) «билік сұрама» деп мұның ауыр іс екенін меңзеген. Пайғамбарымыздың осы тақырыптағы
хадистерін есіл-дерті ел билеуге ауған адамдар мен билік басындағы жуандар көкейіне түйіп,
нəтиже шығарса нұр үстіне нұр болар еді.
Сайлауда халыққа аста-төк уəде бергендердің мамық орынға қонжиған соң, мейманасы
тасып жауапкершілігін ұмытуы кісі ақысын аяқ асты етудің нақ өзі. Басшы қолда бар
мүмкіндігін пайдаланып, қоғамның қаны сорғалап тұрған мəселелерін шешудің орнына
мардымсыз қолбайлау істермен айналысуы тұтастай елдің ақысын бұзған болып саналады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Мен қияметте мына үшеудің: менің атыммен ант
еткен соң уəдесінен танған адамның, азат кісіні құл деп сатып жіберген адамның,
жұмысшының еңбегін төлемеген адамның дұшпанымын»
, – деген
[205]
.
Аманатты сақтауда асқан ұқыптылық туралы əңгіме
Əбу Хубəйб Абдуллаһ ибн Зубəйір (р.а.) былай дейді: «Жəмал соғысы басталатын күні əкем
мені шақыртып алды да: «Балам, бүгін өлгендер не қиянатшыл, не жазықсыз болады. Өз басым
жазықсыз мерт болып, шейіттердің қатарына қосыламын-ау деп үміттенемін. Бар уайымым
төленбеген қарыздарым. Олай-бұлай болып кетсем, малымды сатып қарызымды төлегейсің.
Қарыздарымды қайтарғаннан кейін сендерге бірдеңе қала ма, қалай ойлайсың?» – деді. Сосын
дүниесінің үштен бірін балаларына өсиет қылып: «Қарыздарым толық төленіп біткен соң да
дүние қалса, үште бірі сенің балаларыңа тиесілі», – деді. Сөйтіп, қарызын қайтаруды қайта-
қайта тапсырып жатып: «Балам, егер қарызымды төлей алмай қиналсаң, Мəуламнан
[206]
 сұра»,
– деді. Не дегенін түсіне алмай Мəула дегеніңіз кім? деп сұрадым. «Мəулам – Аллаһ» деді əкем.
Аллаһтың атымен ант етейін, əкемнің сол қарыздарын төлерде қиналып қалсам: «Уа, əкемнің
мəуласы, оның қарызын төлеуіме жəрдем бер» деп тілеуші едім. Артынша қолыма ақша


түсетін»
[207]
, – дейді.
Зубəйір ешкімнің аманатына қиянат жасамаған, алса да қарызға ыждағатты жан екен.
Ертеңін ойлап, алда-жалда майдан алаңында мерт болған жағдайда да бар қарызын қайтаруды
баласына өсиет қылған. Абдуллаһ ибн Зубəйір де əкесі өлген соң, мал-мүлкінен шашау
шығармай, барлық қарыздарын қайтарып, аманатты ақтаған соң ғана, əке малын мұрагерлеріне
бөліске салған. Абдулаһ ибн Зубəйірдің кіндігінен тоғыз ұл, тоғыз қыз тараған екен.
Алда-жалда біреуден қарыз алатын болсақ, ешқандай арам ойсыз, құдай қаласа қайтарамын
деп алуымыз қажет. Аллаһ тағаланы өзімізге уəкіл (жар) етіп істерімізді соған сеніп
тапсыруымыз керек. Тек осы ықылас пен тəуекел ғана жанымыз қысылғанда Аллаһ шапағатынан
пана табуымызға сеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет