Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет95/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

15. Аманатты орындау, уәдеде тұру
Аманатқа қиянат ету мен сертке селқостық таныту кісі ақысын аяқ асты ету болып
табылады. Хадисте айтылған: 
«Мұнафықтың белгісі үшеу: өтірік айту, уəдеде тұрмау,
аманатқа қиянат жасау»
[197]
. Тағы бір риуаятта 
«Ораза ұстап, намаз қылса, өзін мүмин деп
білсе де»
деген сөз қоса айтылған
[198]
.
«Негізінен Аллаһ тағала сендерге аманатты орындауларыңды жəне басшы бола
қалсаңдар əділдікпен билік жүргізулеріңді əмір етеді»
дейді Құран кəрім («Ниса» сүресі, 58-
аят). Тағы бір аят: 
«Рас, аманатты (дінді) көк пен жерге жəне тауларға ұсындық. Олар бұл
жауапкершіліктен қорқып бас тартты. Оны адам баласына жүктеді»
, – дейді («Ахзаб»
сүресі, 72-аят).
Хузайфа ибнул Йеман (р.а.) мына бір оқиғаны баян етеді: «Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бізге екі нəрсе туралы айтты. Бұлардың біреуін өз көзіммен көрдім, екіншісін күтіп жүрмін.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
əуелі мынаны айтты: 
«Расында, аманат (адалдық) адам
жүрегінің түбіне тамыр жайып орнықты. Сосын Құран түсті. Адамдар Құран мен сүннеттен
аманатты үйренді»
. Содан соң Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
аманаттың (адалдықтың)
жоғалатыны туралы айтты: 
«Адам ұйқыдағы уақытта жүрегінен аманат суырылып алынады,
оның болмашы мөлшері ғана қалады. Сосын тағы бір ұйықтағанда жүрегінен аманат басы
бүтін алынады, бұл жолы аяғында домалатқан шоқтың ізіндей ісінген дақ пайда болады»
, –
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
қолына малта тастар алып аяғының үстінен домалатты да,
сөзін жалғастырды, – 
«Нəтижеде адамдар сауда-саттық жасағанда сенетін адам таппай
сансырайды. Керек десең, «пəленшенің əулетінде аманатқа адал адам бар екен» деп таңырқай
айтатын күнге жетеді. Алда-жалда біреуден адалдықтың ұшқынын байқаса, «қандай батыл,
қандай биязы, қандай ақылды адам десеңші» деп, таңдай қағып, тамсанатын болады. Осылай
өздері адамдықты көксегенімен, жүректерінде қыша тұқымындай да иман болмайды»
.
Бір кездері сауда-саттықты кез келгеніңмен жасай беруші едім. Саудада əріптесім мұсылман
болса, діні менің ақыма алалық істемейтін. Христиан немесе иудей болса да əкімі менің ақымды
жеп қалған емес. Алайда, бүгінде тек бір-екеуіңмен ғана сауда жасаймын
[199]
.
Иман мен Исламның белгілері ақырзаманда тым көмескіленетінін хадистен білеміз
[200]
.


Сондықтан болар, қазірде жұрттың көбі діннен ғапыл, кітап пен сүннеттен хабарсыз болып
отыр.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Аманаты (адалдығы) жоқ адамның иманы да жоқ»
, –
деген
[201]
. Иманы келте адамдардың жүрегі көп күнə жасағандықтан, тез қараяды. Сосын
мұндайлар табысқа жетер төте жол іздеп, жұрттың ақысын жеп, халықты алдауға көшеді. Сонау
Пайғамбарымыздың заманында өмір сүрген сахаба Хузайфа сеніммен қарап сауда жасайтын
əріптес табудан қалай қиналса, бүгінде біз де соның кебін киіп, күйін кешіп отырғанымыз
жасырын емес.
Аллаһ тағала мен адамдарға берген уəдені бұзбау қажет екенін мына аяттардан аңғарамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет