дөрекі мінезді, дүниеқор əрі тəкаппар жандар болатынын мына хадисте білдірген:
«Сендерге
жаһаннамға баратындардың кім екенін айтайын ба? Олар қайырымсыз, дөрекі, сараң əрі
кердең басқан тəкаппарлар»
[169]
. Демек, мұсылман жүріс-тұрысын ой елегінен өткізуге, жақсы
амалдарының санын көбейтіп, жұмаққа жетуге, тозаққа бармау үшін менмендіктен арылуға бар
күшін сарп еткені абзал.
Бірқатар хадистерде тəкаппарлыққа бой алдырған адамдарға қиямет күні Аллаһтың
рақымшылықпен қарамайтыны, оларға
қорқынышты азап дайындағаны, ұлылықтың Аллаһқа
ғана тəн екені баяндалған. Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм):
«Аллаһ тағала қиямет күні көйлегінің етегі жерге шұбалып паңданған адамның жүзіне
зер салмайды»
[170]
, – дейді. Пайғамбарымыздың заманында тірі пендені көзге ілмей,
астамсыған адамдар киімдерінің етегін өте ұзын етіп тіктіруші еді.
Əбу Хұрайрадан жеткен тағы бір хадисте Расулаллаһ
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай деген: «
Үш
адаммен Қиямет күні Аллаһ тағала тілдеспейді, оларды есіне алмайды, тіпті назарын да
салмайды. Осы үш топ қорқынышты азапқа душар болады. Олар зинақор қария, өтірікші
патша, тəкаппар кедей»
.
«Кімде-кім тəкаппарлануды əдетке айналдырса, залымдар қатарын толықтырады.
Сөйтіп, залымдарға берілген жаза оған да кесіледі»
, – деп Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
менмендіктің ақыры зұлымдыққа соғатынын айтқан. Кішіпейілдік танытпаған адам бұл мінезін
тыймаса, күндердің күнінде өзін паң ұстайтын залымға айналатыны хадисте баяндалған:
«Шынында Аллаһ тағала сендердің кішіпейіл болуларыңды бұйырып маған уахи етті. «Бір-
біріңе тəкаппарланып мақтанбаңдар, бір-біріңе қысым көрсетіп ренжітпеңдер», – деді». Ендеше,
Құран арқылы оқиғасы кейінге ой салар
қиссаға айналған залым Қарун, перғауын мен оның
уəзірі Хаман сияқты астамшылықтың шегінен шығып, кісі ақысын батпандап жегендерге берілер
жазаның кесапатынан қорқып, олардан сабақ алуға тырысуымыз қажет.
Мүминдердің бір-біріндегі ақыларын баян еткен аят пен хадистердің бір легі мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: