қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай,
осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар
екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын,
егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай
кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.
Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
1893
Достарыңызбен бөлісу: