есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не
есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде
сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей
не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын
шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
1893
Достарыңызбен бөлісу: