қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт,
ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген
кісілерінің бәрі - пәлеге,
жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып
алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері.
Әйтпесе құдайға
терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған
кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей
кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
1893
Достарыңызбен бөлісу: