Абай Құнанбайұлы Қара сөздер б ірінші сөЗ



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата07.02.2022
өлшемі233,61 Kb.
#83359
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Qara sozder(1)

О
Н ЕКІНШІ СӨЗ
 
 
Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан 
тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы 
жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы 
жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - 
иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы да 
болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, 
үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, 
кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша 
жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, 
оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып
жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды
ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, 
салғырттың иманы бар деп болмайды.
1892




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет