Грек театрының ерекшеліктері Драманың алғашқы түрлері діни мерекелерден туғандығы
себепті, ежелгі гректер олардың барлығына үлкен құрметпен
қараған. Сондықтан, театр тамашалары мемлекет бақылауындағы
маңызды саяси және тәрбиелік шаралардың бірі саналған.
Екіншіден, драманың дүниеге келуі тікелей Дионис мерекелерімен
тығыз байланысты болғандықтан, бұл тамашалар осы құдайдың
құрметіне жыл сайын үш рет өткізілетін және бірнеше күндерге
созылатын мейрамдарға айналған. Гректер бұл қойылымдарды
жай бір ермек үшін деп емес, ал маңызды діни мереке ретінде
бағалаған. Бұл мейрамды мүмкіндігінше салтанатты өткізуге
дайындалып, барлығы дерлік театр тамашаларына келуге асыққан.
Алғашқы дәуірлерде театр ойындары ақысыз көрсетілген. Кейін,
шығындардың көбеюіне байланысты тамашалар ақылы болған,
кедейлерге үкімет белгілі дәрежеде ақша төлеп отырған. Ежелгі
Грекиядағы барша ойындар секілді театр тамашалары да сайыс
түрінде өткізілетін.
«Бұл сайыстарға қатынасқысы келген әрбір трагедияшы ақын
үкімет талабына сай бір-бірімен байланысты үш трагедия және
бір сатиралық драма тапсыратын. Бұлардың барлығы қосылып бір
төрттікті –