Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет160/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Мырзағұл мен Сарышолақ
Шыманұлы Мырзағұлдың ел-жұртына жасаған қызметі ұлтшыл ақын Сарышолақ 
Боранбайұлы шығармаларында кеңінен орын алған. 
Бидің ел-халқына сіңірген еңбегін көзімен көріп, басынан өткерген Сарышолақ 
ақын (1858-1929) өзгені мақтауға сараңдық танытсада Мырзағұлдың әділ бағасын беріп 
кеткен. 
Мүминнің Алла деген көңілі шат, 
Торғайдың төрт оязы жиналғанда, 
Сөз шықты Мырзекемнен түрлі қымбат. 
Он екі-әр ояздың болысы бар, 
Көтерді қап тауындай қаулаған бақ, 
Дерекем ақылы көп, ойлы кісі, 
Тар жерде қала берді басын қорғап, 
Мырзекем дұрыс дерек айтпағанда, 
Қазақтан алып еді солдат қамап. 
Тағынып моншақтарын босқа тұрды, 
Законды көп оқыған он екі бап. 
Шайырдың бұл тарихи өлеңінің растығына алты ата Әлім, төрт ата Шөмен жеті ата 
Жетірудың білетін қазіргі ұрпақтырының өзі тегіс қол қояды. Әлім, Шөмен, Жетіру әуелі өз 
іргесі беріктігінен, екіншіден, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеген сұңғылы Мырзағұлды 


172 
алға салуының арқасында солдаттыққа адам бермеген. Мырзағұлдың осы еңбегі хақында 
шайыр: 
Жүйесін тауып сөз айтып, 
Патшаға солдат бермеді, 
Дін,мұсылман, ар үшін, 
Дұшпанға қылыш сермеді,–дейді. 
Тарихта халықтың қамын жеген адамдардың да старшын, би, болыс болғандарына 
дәлел көп. Олар сондай ұлық орынға отырған соң қолындағы билігін ел-жұртының керегіне 
жаратқан. Мырзағұл жиырма бес жасында болыс болып, елі үшін қызмет қылған. 
Отарлаушыларға қарсы күрескен: солдаттыққа адам бермеген, жер бермеу жолында аянбай 
тер төккен, дінін қорғаған. Мысалы, патша өкметі 1882 жылы облыстағы ояздар мен 
болыстардың жер шекараларын анықтау үшін Ақтөбе қаласында үлкен құрылтай (съезд) 
өткізген. Сонда Мырзағұл екі рет шығып сөйлеген. Ол өзінің сөзінде: «Жер әуелі құдайдікі, 
содан соң қазақ жамағатынікі. Бұны бұзу құдай алдында да, адам алдында да күнә»,–депті. 
Бұл сөзі құрылтайдың хаттамасына түскен.[2] 
Көзі көріп отырғанды көкірегі таныған, отарлаудың аяғы немен тынарын анық 
білген Сарышолақ Мырзағұл ісін құптады. 
Атамыз Қаратілеу бидің соңы, 
Софы-әзі Қосым қожа пірдің соңы. 
Кәпірге қылыш сермеп айбат шеккен, 
Мырзағұл Шыманұлы ердің соңы. 
Қыдырып жердің жүзін көшіп келдім, 
Бұл мекен аруақтың қонған орны. 
Мырзекем Қазыбайдың қалқанындай, 
Сөйлейді өктем жігіт халық алдында-ай. 
Ішінде алты Әлімнің алтын тіреу, 
Кәпірге көрінесің Қап тауындай. 
Тартып жүр орыс-қазақ етегіңнен, 
Сен жүрсің айбат шегіп арыстандай! – 
деп оның есімін елге паш етеді. 
Мырзағұл өлген соң дұшпан көбейген еді, ол жөнінде ақын былай дейді:
Мырзағұл кетті айдалап, болмашының ісімен, 
Пара-пайда, ақшалының күшімен. 
Кешегі жүрген көп, жаман, 
Сыздай сәлем береді, ернінің ұшымен. 
Бидің өмір жолы өте күрделі. Болыс болған, әр түрлі дәрежедегі әкімдермен, 
генерал-губернатормен араласқан, атағы Санк-Петербургке жеткен, патша білген. 
Алдынан кең жол ашылып, бай болып-асып төгіліп, бағылан боп-шалқып өтуге 
зор мүмкіндік туған. Бірақ бидің кемеңгерлігі сол, онда талай қасқа-жайсаңдарда жоқ нәрсе – 
ұлттық сана болған. Жеме-жемге келгенде бұл дүниенің қызығынан безіп, ұлт мүддесіне 
қызмет еткен, орыс отаршылдарына қарсы күрескен елінің тәуелсіздігін көксеген. Мұның 
аяғын қызыл коммунистердің өзі мойындағандай 1903 жылғы көтеріліске әкеп тіреген. Бірақ 
онда жазылғандай «шаруалар көтерілісі» емес, ұлт-азаттық көтерілісі еді. Ол көтеріліс 
тарихы зерттеусіз, ақтаңдақ күйінде жатыр. 
Ұлт тәуелсіздігі жолындағы көтеріліс жеңіліске ұшырады. Басшылары қуғын-
сүргінге салынды.
«...Мырзағұл еді жалын-шоқ, 
Патшаға қарсы тірескен. 
Әскерге атып қырлы оқ, 
Халық, жер үшін күрескен...» 


173 
Сарышолақ ақынның Мырзағұл бидің мезгілсіз қазасына байланысты шығарған
жоқтаулары да тарихи-танымдық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан алып қарағанда 
да құнды дүниелер. Сарышолақтың бірінші жоқтауының мәтіні қолға түспеді, екінші
жоқтауы ғана бар. Мұның өзі де толыққанды емес, кейбір жолдары, шумақтары ұмыт
болған, орындары алмасқан, ауыздан ауызға көшкендіктен бөгде сөздер араласқан. Соның 
өзінде қазақтың «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген сөзін расқа шығарып 
тұр. 
Көкем сәлем айтыпты 
Сарт пен қазақ, ноғайға, 
Тесленко адвокат 
Келтірген екен оңайға, 
Өзі беріп, өзі алған 
Не лаж бар құдайға? 
Сол секілді арыстан 
Қайдан сисын маңдайға? 
Мырзағұл өлді дегенде 
Күн тартылып аспанда, 
Қап-қараңғы бұлт басты, 
Ағайыннан түс қашты.[3] 
Оқып отырған сіздің де түсіңіз қашып жүре береді. Бір мезет дүниеауи ойдан
арылып, адам өмірінің мәні жөніндегі пәлсапаға бой ұрасыз. Өлім құпиясына көз саласыз. 
Аққуым ұшып шер тартты 
Айдын шалқар көлдегі. 
Бұл енді Сарышолақтай дарқан дарынның ғана қолынан келетін іс. Мырзағұл
өлді дегенде шалқар көлдегі құс төресі қасиетті аққу ұшып, шер тартқан. Тұла бойың
тітірейді. 
Басы бүрлі қарағай 
Мәуесі жерге төгілді, 
Таласа біткен бәйтерек 
Ортасынан бүгілді, 
Қаршыға кеуде, қабылан сырт 
Аш арыстан пенде еді. 
Ықпалың жүрген күнінде 
Сенімен қазақ тең бе еді? 
Ұсынса қылыш кеспейді 
Мезгілі жетпей келдені, 
Ақ бұйрығы болған соң 
Шамшырағы сөнгені. 
Жиын болса қол басы, 
Кеңес болса сөз басы, 
Белгілі бектің баласы 
Кіші Жүз деген елдегі... 
Татаусыз төгілген тіл еркіңізге қоймай еліктіре береді. Шым-шымдап тереңіне 
тарта береді. Ақын күрделі метафора, күрделі теңеу жасап, біресе сұрай арнап, біресе 
синекдоха қолданып, сол арқылы ұғымды тереңдетіп, ой образын үстемелеп өсіре келе
тыңдаушысын да өзімен бірге жоқтаушыға айналдырып жібереді. Мұндай дәрежеге нағыз
сөз зергері, хас шеберлер ғана жетсе керек. 
...Қысылған күні жоқтайтын 
Көкемдей болмас әр елде, 
Артыңа сөзің тастадың 
Алтының кетті кеудеңде, 
Пұшайман неге болайын 


174 
Үйіне келіп өлгенде. 
Қорыта айтқанда, қазіргі Ақтөбе облысы шегінде ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр 
басында өмір сүрген би-шешендер мұрасын жинау, жариялау, зерттеу ісі кенжелеп қалған 
шаруалардың бірі болып тұр. Мөңке би, Әйтеке би, Жаныс би, Ораз би мұралары турасында 
азды-көпті жарияланымдар баспасөз бетін көргенімен, бір жүйеге салынған жоқ.Сондықтан 
ең болмағанда облыстағы жоғары оқу орындарында арнаулы пән, орта білім беретін 
мектептерде факультативтік сабақ түрінде оқыту мәселесі де түбегейлі шешілмей отыр. Би-
шешендер мұрасы әдебиетіміздің сүбелі бөлігі екенін ескерсек, бұл орны толмай тұрған 
олқылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет