175
логикалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезiмiне әсер ететiн бояулы-мәнерлi сөздердiң
стильдiк қызметi де бiр-бiрiнен ерекше.
Қарапайым сөйлеу тілі – әдеби тіл нормасынан тыс тұратын тілдік бірліктер, негізінен
ауызекі сөйлеу тілінің элементтері қарапайым сөздердің әдетте әдеби тілдік эквиваленті
болады. Олардың мағыналары
көпшілікке таныс болып келеді, яғни еліміздің барлық
аймақтарында ұшырасады. Басым көпшілік тұрпайы мағынада келетін, экспрессивті-
эмоциональды реңкі бар тұлғалар. Сондықтан ресми жағдайдағы қарым-қатынаста
қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына жат болып саналады. Мысалы,
оттама, былшылдама, сандалма, қазақша ызғытып тұр, қағып жібер, пысықай т.б.
дегендердің мазмұны төмен болса,
мисәлі (мысалы), сәбеп (себеп), әгер (егер), киттай
(құрттай) т.б.
дыбыстық құрамы жағынан «жарым-жан» сөздер.
Жаргон, аргон сөздер. Бұл топқа жататын сөздер негізінен жалпы халыққа түсініксіз,
белгілі бір шағын әлеуметтік топтардың лексикасындағы жасырын, құпия мағынадағы
сөйлеу тілінің элементтері. Олар тіліміздегі жалпыхалықтық лексика
негізінде белгілі бір
топтардың мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болған жасанды (искусственный) тілге жатады.
«Байырғы кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері ғана қолданатын жасырын
сөздері болған. Мысалы, салық «зат мүліктерін қоятын жасырын жер» дегенді білдірсе, мас –
етістігі» тұтқиылдан, көзіне көрінбей бас сал» дегенді білдірген [1, 34].
Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» сөйлеу дағдысы байқалмайды.
Алайда соңғы жылдары, әсіресе 1990-жылдардан бері, өздерін әлеуметтік жік ретінде сезіну
күшейте түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон элементтерін қолдану үрдісі
байқала бастады. Мысалы:
көпелек, қума «ақымақ», базар жоқ «иә, мақұл», қораға кіру
«қиын жағдайда қалу», қж болып тұр «қолайсыз жағдай болып түр» т.б.
[1, 36].
Варваризмдер. Бұл топқа әдеби тіл нормасында жоқ шет тілдік сөздер жатады.
Кейбіреулер
звонда,
конечно, почти, так что, если, и
т.б. сөздерге үйреніп алады да, сөз
арасында тықпалай береді. Мұндай сөздерді орынсыз қолдана беру тыңдаушысын мезі етіп,
жағымсыз әсер қалдырады. Варваризмдерді уәжсіз, мақсатсыз қолдану тілдік түйсіктің,
тілдік сананың төмен екенін көрсетеді. Варваризмдерді
номинациялық мұқтажды өтеу
мақсатында қолданылатын шеттілдік атаулар мен терминдер қызметімен шатастыруға
болмайды.
Варваризмдердің көркем мәтінде, кейіпкер тілінде ұшырасатындығы да белгілі.
Жазушы кейіпкерлерінің портретін жасап, даралау үшін варваризмдерді эстетикалық
қызметке жегеді. Мысалы:
–
Достарыңызбен бөлісу: