Жарайды, болыс аккуратный кісі екен… Бұрын болыс болып па едіңіз? Еліңіз неше
ауылнай? деді біреу.
– Е, енді қазынаның жұмысы болғасын… Куратный болмаса қызмет болама...
Куратный болмаса... Әркім обезін жұмысына әзір тұрмаса, гатовай тұрмаса… - деп,
Оспан тағы қабаттасты да, соңғы сұрауларды ұмытып
кетті…
Оның орнына:
–
Біздің болыс жеті ауылнай; бұл кісі болыс болғалы екінші жыл, - деді,
атқамінерлердің бірі
[2, 22].
«Орыс тіл білімінде «төменгі стиль» саналатын, ортақ атаумен «қала тілі» аталатын
құбылыстар жиынтығы қазақ тіл білімінде бұрын басқа бір қырынан сөз болған. К.Аханов,
Ә.Хасенов, Т.Қордабаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде, сондай-ақ түрлі оқулықтар
авторлары варваризм, арго, жаргон түріндегі стильді бұзатын, тіл мәдениетіне зияны тиетін
құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Әйте де бұл проблеманы тілші-ғалымдарымыз жалпы
тіл атаулы бар жерде міндетті түрде болатын, белгілі дәрежеде тілдің дамуын көрсететін
универсалды құбылыс деп қарастырған жоқ әрі олардың тілімізде пайда болуының әлеуметтік
себептері де жан-жақты ашылып, талданған емес [3, 116]. Бұл, бір жағынан, әлеуметтік
лингвистиканың қазақ тіл білімінде жетіле түскендігін танытады. «Қала тілі» проблемасы
уақытқа қарамай тілімізде әрқашан болатын универсалды құбылыс екендігі анық, өйткені ол
қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатыр. «Тіл мен қоғам» арасалмағы
айқындалған кезде бұл құбылыстың тіл мәдениетіне әсері терең зерттелетініне күмән жоқ».
176
Қазақ тілі өте бай тіл деп, көп айтып жатамыз. Бірақ қазіргі кезде қазақша сөйлеген
адамды көрсе, біреулер қуанады, екіншілер таңғалады. Бұл әсіресе жастарға байланысты.
Орысшаланып кеткен, небір түрлі түсініксіз сленг сөздерімен сөйлейтін, біздің жастар.
Жаргонға тілдің поэтикалық және ойлау функциясы қызмет етуі тән емес. Абстрактілі
ұғымдар мен логикалық категориялардан, ғылыми терминдерден жаргондық эквиваленттерді
табу өте қиын. Жаргон – жазбаша және ауызша сөйлеу тілінің стильдік түрі, бірақ оның
тілдің тұрақты қалыптасқан нормативіне қатысы жоқ.
Жаргон (ағылш. slang; jargon;) - әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше
лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау
құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық
және грамматикалық жүйемен ие болмайды.
Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі – адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес,
сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.
Адамзаттың табиғатты танудан түйсінгендері негізінде жеке адамның түсінігі қалыптасады.
Егер халықтық дүниетаным тіл арқылы жетпесе, қоғам да, мәдениетте дамымаған болар еді.
Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланысты. Тілдік
таңбаның ұғымдық таңбалануы мен оның болмысқа қатынасы өте күрделі. Тіл мен ойлаудың
арасы, болмыс пен атаудың байланысы мәселесі ертеден-ақ ғалымдардың назарын аударған.
Ежелгі философтар еңбектерінде тілге көп көңіл бөлген. Осыған сәйкес номинация
теориясының зерттеле бастауының да терең тарихы бар. Платон, Сократ, Аристотель, әл-
Фарабидің ғылыми трактаттарында сөз жүйесі жайында жазылған толғамды ой-тұжырымдар
молынан кездеседі [4]. Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани
күші- тілде.Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес.Өйткені «Өнер алды – тіл»
(М.Қашқари), сөз атасын таныған қазақ халқы үшін сөздің киесі, қасиеті де биік. Халық
тілінің рухпен бірлігін тілдің ішкі табиғатын тану арқылы ғана түсінуге болады. Білім шыңы-
тіл десек, оның жасаушы иесі халық.Тілдің дамуы адам баласының ішкі рухани қажеттілігін
қанағаттандырудан туындайды. Бұл қажеттілік заттар мен құбылыстардың сандық, сапалық
белгілері мен қимыл-қозғалысын, әрекеттің амалын, түр-түсін, мөлшерін т.б ерекшеліктерін
атау, таңбалау негізінде болады. Тілдің дамуы адам түсінігінің артуымен байланысты,
тіліміздігі туынды сөздердің молдығы-осы дамуды белгілеуден туындаған таңбалар.Сөз
болмыс туралы адам ұғымның баламасы, танымның эквиваленті. Сөзжасамдық процесс
нәтижесінде жасалған туынды сөздер де – таным баламасы. Адам баласының ойлау жүйесі
өресі тілдің оралымдылығымен, бейнелілігімен астасып жатады. Бұл туралы ХІ ғ. шығыс
ойшылы Ж.Баласағұни «Сөз – ойдың көрінісі» деп жазған болатын [5].
Зерттеуші Ли Ин: «Жаргон – бұл жалпы халықтық лексика мен фразеологиядан
айырмасы бар тілдегі өзінше ерекше тіл» дейді де, ауызша және жазбаша сөйлеу тіліндегі
жаргонның мынадай қызметтерін көрсетеді:
1) жаңа өмірлік, саяси және экономикалық өзгерістерді жүйелеп баяндау;
2) оқырман немесе әңгімелесушіге әсер еткен нәтиже бойынша ерекше мүмкіндікке
арналған ауызекі сөйлеу стиліне қызмет ету.
Ғалымдар қазіргі қоғамда жаргонның таралу жолдарының төңкерістік әрі
эволюциялық жолмен жүріп жатқандығын мынадай жағдайлармен көрсетеді: әуелі жаңа
жаргондар пайда болады да, жабық әлеуметтік жүйелерде қызмет етеді. Содан кейін
ментальды және әлеуметтік өзгерістің әсерінен қоғамдағы төзімді факторлар әлсірей
бастайды. Стильдің ауызша және жазбаша тіл ерекшеліктері өзінің алғашқы әлеуметтік
(жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінуі) мәртебесінен айырылғаннан кейін жаргонға айналады.
Тілдің жаргондық перифериясы деген қоғамдық және үйреншікті тұрмыстағы жаңа
құбылыстардың пайда болуы әрі өмірдің өзі арқылы енген жаңа мағыналардың
қолданылатын орны. Жаргонды негізінен жоғары және орта оқу орындарының студенттері,
оқушылар, бір сөзбен айтқанда, жастар көбірек пайдаланады. Жастар жаргонының негізін
студенттік жаргондар құрайтыны анық. Бүгінде жастар жаргонмен сөйлеп жүр. Бұл, әрине,
тіл тазалығына нұқсан келтіретін жайт.
177
Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінеді. Осы бейәдеби
тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін жатқызуға болады. Жаргонның лексикалық
бөлiгi – (соның iшiнде және одан тарлау жоғалған) көп әлеуметтiк топ.
Жаргонның лексикасы қайта мағыналау, қайта ресiмдеу, дыбыстық қысқарту әдеби
тiлдi базасында көрсетіледі, тағы сол сияқтылар, сонымен бiрге басқа тiлдегi сөздер және
морфемалардың белсендi меңгерілуi. Мысалы:
құламалы-сәндi, iскер, үй - пәтер, бакстер -
долларлар, қол арба - автокөлiк, тартып қалсын - кетсiн, баскет - баскетбол, чувак - (сыған
тiлден) жiгiт.
Жаргон қазiргi тiлде кең таратуды алдын алды, (жастар сленгi) әсіресе
жастардың тiлiнде төмендегі жаргон сөздер кең етек жайып жүр.
Ботан – зерделі адам
Тормозы ұстап қалу,зависать ету – бөгеліп қалу
Базар жоқ – сенімді болу
Талпамен келу – көпшілікпен келу
Типаж болу, блатной – өзімшіл, өркөкірек
Косякқа кіру – ыңғайсыздыққа тап болу
Капустаға қарау – материалдық жағдайын қарау
Жылауық – қызғаншақ, іші тар
Қуғынбай – артық сөйлеп кеткен, мылжың
Крышасы бар, танкасы бар – қолдау көрсететін ағасы бар
Зубрить – жаттауды тақылдап айту
Миді шіріту – көп сөйлеу
картопты жарып айтты – бәрін аузына қаратты
Сағызша шайналды – жауап таппай дал болу
Шемішкеше шақты – жауабын зуылтатып айтып тастау
Ала көзімен стрелять ету – қадала қарау
Читалка – оқу залы
Препод – мұғалім, ұстаз
Общяга – жатақхана
Инет – ғаламтор
Маршруткаға міну – қоғамдық көлікке міну
Потеря болу – қобалжу, әбіржу [6].
Тіл тазалығының сақталуына кедергі келтіріп отырған осындай жаргондар ел
болашағы саналатын жастарға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мектеп
оқушыларының ауызекі сөйлеу тілінде көп кездесіп жататын жаргондарды қолданыстан
ысырғанымыз жөн. Себебі бұл қазақ тіліне төніп тұрған тағы бір қауіп. Сақау жарнамалар
мен тікелей аудармалар туралы көп айтып жатамыз. Алайда ең маңыздысы ауызекі сөйлеу
стиліндегі осындай олқылықтарға бейжай қарауға болмайды. Бүгінгі оқушы – ол ертеңгі ел
беделін көтеруге қалтқысыз қызмет ететін азамат. Сондықтан жастардың дұрыс әрі таза
сөйлеу мәдениетін қалыптастырған абзал.
Жаргон сөздердің адамдар үшін пайдасы жоқ. Жаргон сөздері біздің тілдік
қорымызды молайтпайды. Олар жастар үшін еліктеу. Сол себепті біз жастарымызға дұрыс
тәрбие мен сөйлеу мәнерін үйретуге тиістіміз. Өз зерттеуімізде, тіліміздегі, соның ішінде
жастар тілінің әдеби норманы бұзушылыққа алып баратын жаргон, варваризмдерді қолдануы
жиілеп бара жатқандығын баса айтықымыз келеді.
Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе, тіл бар жерде жаргон, варваризм сөздерді
қолданатын қоғам бар екенін мойындасақ та, олардың кейінгі уақытта шамадан тыс етек
жайып кеткендігін баса айтқымыз келді және мұны әр тіл жанашыры қоғамдағы өзекті
мәселелердің бірі деп қарау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |