субмәдениеті, жаргон, сленг, лексика.
Annotation: In this article it is told about youth subculture, its language such as a slang which is
often used among youth now. The language are accepted in the student's environment and cleared to
them.
Key words: youth subculture, slang, lexicon.
Қазақ «сөзіне қарап кісіні таны» деген. Сөзі түзу, маржандай, тілі таза деген тіркестер
осының дәлелі. Тілімізге бөтен сөздердің енуі – тіл тазалығына нұқсан келтіру деп білеміз.
Кейде күнделікті сөйлеп жүрген сөзімізге мән беріп қарамаймыз. Қай елдің тілінде, қандай
мағынада сөйлеп жүрміз, құлаққа қалай естіледі деген ой жоқ. Әрине, көпке топырақ шашуға
болмайды, дегенмен ХХІ ғ жастарының дені солай.