Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


берен  сөзі «қару», «батыр», «асыл  бұйым» мағынасында жұмсалған.  Абылай хан жырында жиі кездесетін сондай сөздердің бірі –  ғарып



Pdf көрінісі
бет206/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

берен 
сөзі «қару», «батыр», «асыл 
бұйым» мағынасында жұмсалған. 
Абылай хан жырында жиі кездесетін сондай сөздердің бірі – 
ғарып:
Қазақты асыра айтып мақтады көп
Жолаушы, 
ғаріптерге
қайырлы деп 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: ғарып – зат, кітаб, кәріп деп анықтама берген. Ал
түркіменше – орысша сөздікте бұл сөздің екі түрлі мағынасы көрсетілген: ғарып (ғары-п). 
белняк, 2. уст. Чужеземец, иноземец, странник Турк Рел. Ұйғырша –орысша сөздікте де 
түркіменше –орысша сөздіктегі анықтамаға ұқсас түсінік берілген: ғарып а-1, странник, 
скиталец, 2. Чужеземец, чужестранец [Уйг Рел 557] Сонымен бұл сөздің екі түрлі
мағынасы бар екенін көреміз. Біздің ойымызша, бұл сөздің жырдағы мағыасы «кедей», 
«кәріп» деген сөздерге көбірек келіңкірейді. Себебі жырдағы «жолаушы» сөзі жоғарыдағы
сөздіктердегі «чужеземец», «иноземец» деген мағынаны анықтап тұрған сияқты. Сонымен 
бірге жырлағы «қайыршы» сөзі «чужеземец» және «кедей» сөздеріне ортақ қолданылып 
тұр. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 
қанжыға
сөзіне мынадай түсініктеме береді: «Бір
нәрсе байлау үшін ердің екі жақ қапталының арғы жағынан тесіп өткізілген жіңішке 
қайыс». 
Этимологиялық сөздікте бұл сөздің шығу төркінін айта келе кірме сөз екенін 
анықтайды. Этимологиялық сөздікте бұл сөзге мынадай анықтама беріледі. 
«Қанжыға»
деп ердің екі қапталының артқы қасынан екі ұшына тақау жерге бірдеңе 
байлап қою үшін тесіп өткізілетін қайыс немесе жіпті айтады. Қанжыға сөзі қырғыз, өзбек, 
қарақалпақ тілдерінде де дәл осы мағынада қолданылады. Бұл сөз башқұрт тілінде
канньяға, алтай тілінде кандьага, манғол, бурят-монғол тілдерінде ганзага, қалмақ тілінде
ган гадзгь түрінде кездеседі.
Қорыта айтқанда,
қанжыға сөзі
қазақ тілінде мағынасы көмескіленген ескілікті сөз
екенін және де біздің тілімізге монғол тілінен енген кірме сөз екендігі нақты айта 
аламыз. 
Дулыға, қалқан, сауыт-бәрін кейіп, 
Айқайлап, «шық бері» -деп, майданға енді 
(Абылай хан, 78) 
Дулыға сөзін көнерген сөздер қатарына жатқызып түсіндірме сөздікте бұл сөзге
мынадай анықтама берілді: «Батырлар соғыста басына киетін темірқалпақ». Бұл сөз қазақ 
тілінде тарихи сөз көнерген сөз болып табылады, яғни бір кездерде бас киімнің атауы 
болып кеткендіктен, атауы да қолданыстан шыққан. Бұл сөз түркі монғол тілдеріне ортақ


227 
сөз өйткені «оқ өтпейтін металдан жасалған бас киім каска, шлем мағынасында дулыға 
етістігі де бар. 
Аталмыш жырларда кездесетін ескілікті сөздер, негізінен, сол халықтың тарихымен, 
мәдениетімен, тіршілігімен, тарихымен байланысты сөздер. Бұл сөздердің семантикасына 
талдау жасау барысында халқымыздың басқа да елдермен, халықтармен эканомикалық,
саяси, мәдени, тіларалық байланыстарын байқадық.
Зерттеу барысында байқағанымыз: батырлар жырларында жалпы түріктілік қабатқа
тән көптеген сөз қолданыстар кездеседі.
Сонымен бірге батырлар жырының кірме қабатын да айқындау барысында да
тарихи салыстырма әдісі пайдаланылып, тек қазақтың емес, басқа да түркі тілдерінің
көптеген қосымша ғылыми деректер пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет