Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Annatation: In this article the poet, writer Sagi Zhiyenbayev considers the national treasure of  poetry, analyses his verses.  Key words



Pdf көрінісі
бет79/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Annatation:
In this article the poet, writer Sagi Zhiyenbayev considers the national treasure of 
poetry, analyses his verses. 
Key words: 
Poet, poetry, lyrics, realism, national treasure. 


81 
О,туған жер,барымның 
Сәттілері сенікі, 
Балы болса жанымның 
Тәттілері сенікі, 
Қазақ ақыны,нәзік сезімді қайырымды азамат,поэзия зергері және ақындардың 
әлденеше буынының ұстазы-Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының 
Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған.1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда 
педогогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының 10 орта мектебінде қазақ тілі 
мен әдебиетінен сабақ берді. 
1956 жылы әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттері 
мен «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакцияларында істеді.Ең алғашқы 
«Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көріп,қалың оқырманды ақындық аса 
нәзік ерекше тынысымен баурап алды.Сол тұстағы поэзия әлемінде көрінген жас ақындарға 
көңіл аударған ұлы жазушы М.Әуезов ризашылықпен «Сағи Жиенбаевтың бірқатар 
өлеңдерін оқыдым.Оларда толып жатқан образ,көп шындық,көпшілікке ортақ шындық бар...-
поэзияға керек нәрсе осы шыншылдық»-деп, бағалаған [1, 12]. 
Ақынның лирикасындағы ұтымдылығы-ондағы шындық пен шеберліктің шынайы 
ұштасуында үн мен ұғымның сұлу үйлесімінде. 
С.Жиенбаев поэзиясының тәрбиелік мәні зор.Онда туған жер,жерді қастерлеу,отанды 
сүю,еңбекке баулу,адамгершілік,табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі тақырыптарға 
жазылған өлеңдері ән болып төгілген,жыр болып шашылған.Оның поэзиясының айтулы 
қасиеті-Отанға,туған жерге,биік адамдық атқа деген нәзікте асқақ сезімінде. 
Біраз жас ақындардың өлеңдерінде «арман»деген сөзден аяқ алып жүруге 
болмайды.Ол-не арман?Сүйген жар ма,туған елдің бақытына бағышталған батырлық 
па,қамсыз да,қайғысыз қарттық па,-адам түсініп болмайды:көгілдір абстракт. 
Ал Сағидың «Кемпірқосақ» деген өленің оқиық. Жаңбыр селдетіп өте 
шығады.Балбыраған дүние.Сөніп қалған ауыл ошақтарында қайтадан от маздайды.Сол кезде 
бір басы сол ауылдың шетіне тіреліп,аспанға кемпірқосақ асылады.Сан құбылған сиқыр 
бояуларды ұстаймыз деп балалар сілесі қатқанша зымырап белдерден асады.Бірақ 
кемпірқосақ жеткізбейді. 
Дүние зымырап ұршықтай, 
Арбайды көзді дуалап, 
Құмардан әлі бір шықпай, 
Келеміз соны қуалап,-дейді Сағи [37].
Бала кездегі таңғажайып табиғат құбылысы ержеткен ақынның көз алдында әлі тұр. 
Бірақ, сонау алыс қалған албырт шақтағыдай, алдағыармандар бейнесінде жарқырайды. 
«Арман» деген сөз жоқ,сонда да ақын көңілі аян-ақ. 
«Сыртта боран ұлып тұр.», «Оң аяқ», «Бөрік», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», 
«Жеңістің тұңғыш таңы бұл...» сияқты өлеңдері көзіңе жас,ерніне қүлкі шақыратын, өзегіңе 
от тастап,кеудеңді тұңғиық мерей рақатына толтыратын нағыз хрестоматиялық 
дүниелер.Әрқайсысыныңда қазіргі жас ұрпақтың санасына сыймайтын сұмдық ақиқат 
бар.Соғысқа деген лағнет жатыр. Олардан сонымен қатар туған елге арналған нәзік 
махаббаттың саф лебі еседі. Қазақстанның қиыр түкпіріндегі кішкентай ауылдан шыққан 
жақсы ақынның жады мен қиялы оқушысын ұзап кеткен сұрапыл шақтың шаңдауылына 
шебер ұластырады.Бұл өлеңдер замандастардың санасы мен сезіміне,ақылы мен жүрегіне 
педогогикалық әсер тигізбей қоймайды.Мүмкін, Шиллер айтқандай адамға эстетикалық 
тәрбие беру де осы болар. 
Мәңгі тозбайды деп жүрген махаббат тақырыбы ше? Сағидың бұл саладағы 
өлеңдер,құдайға шүкір,баршылық. Өзі лирик болса,оның үстіне Пушкин, Лермонтов, 
Абайдың ғашықтық өлеңдерінің кәусарынан көп сусындаған болса,өзі де барша жақсылық 
атаулыға асық болса, махаббаттуралы ол неге жазбауға тиіс! «Періште емес пендемін...» 


82 
деген өлеңдегі лирикалық қаһарман, яғни ақын қандай қарапайым: сүйгенінің алдында ол 
өліп-тіріліп жатпайды,тен құдайдың бергеніне ырза: 
Сол баяғы балғын күйде, 
Кім білсін, 
Жүргем шығар бір көздердің ішінде. 
Қайсы ақынның болмасын өлең жасаудағы шеберлігін көрсететін тағы бір нышан-оның 
туған өлке суретін қалай көріп, қалай қабылдайтыны. Сағи, ойлайтын, көргенін түсінетін 
Сағи, төңірегін тіпті табиғат кқріністерін де,мәңгі қозғалыс қалпында қабылдайды.Ақын 
ұғымындағы қозғалыс. Ол табиғатты құрғақ суреттепжатпайды, әдемі ырғақ, келісті сөзбен 
баяндайды. 
С.Жиенбаев – сазды,сыршыл лирика сандығы.Шынайы талант пен шабыттан ширығып 
шыққан алуан сазды жырлар Сағи лирикасын көркемдігі жағынан да,саздылығы мен 
сыршылдығы жағынан да толықтырып тұрады. Сағидың шеберлігі,саздылығы,өзіндік 
ерекшелігі туралы Е.Дүйсенбаев : 
Майсалы самал сайлар да 
Майыса есіп майда леп, 
Сайрайды бозторғайлар да 
Сағидай 
жырлау 
қайда! 
– 
деп,-мақтан 
тұтса, 
Қ.Шаңғытбаев:
«Сағи лирикасының ұтымдылығы-ондағы шеберлік пен шындықтың шынайы ұштасуында,үн 
мен ұғымның сұлу үйлесімінде» деп баяндады[2, 8]. 
Қай ақынның болмасын өмірі өнерге,өлеңге айналған.Сағи қым-қуат қарбаласы мол 
өмірдің ащысы мен тұщысын, қайғысы мен қуанышын лирикада үн мен ұғымның сұлу
үйлесімі арқылы жеткізеді. Ақын лирикасына сезімталдық тән. 
Өнер дүниесініндегі рух пен сөзді егіз бастау етіп алған ақын жырлары қазақ 
поэзиясының көкжиегін мазмұны мен көркемдігі жағынан кеңейте түседі. 
Әр заман поэзиясының өзіне лайық үні бар. Халық тағдыры,көңіл-күйі,қуанышы мен 
қайғысы ақын жүрегінің қабылдауымен осы өнерде сомдалады. 
С.Жиенбаев-өлең өнерінің көркемдік сапасына,ішкі,тысқы сұлулығына бірде-бір қылау 
түсірмей,өнер әлемінде поэзияны әлдилеп өткен ақын.Қара өлеңді жаны сүйетін халық үшін 
әдемі тілсіз, әуенсіз,сиқыр иірімсіз қазақ өлеңі жалпақ жұрттың жүрегінен орын таба 
алмайды.Қай ақын болмасын өнерде,әдебиетте өлеңі арқылы тағдырды суреттейді.Біз сөз 
етіп отырған Сағи ақын алдымызға қандай тағдырларды тартты деген сұраққа жауап ізделік. 
Сағи ақын сонау алпысыншы жылдардың бас кезінде-ақ «Алғашқы махабббат», 
«Термеші», «Тұлып» сияқты оқиғалы өлеңдерімен ауыртпалығы мол соғыс жылдарында
бала көзімен көрген көріністерін,өмір детальдарын ақын көзімен,суреткер көзімен 
пайымдаған.Әдемі пайымдап,әдемі қорытындыланған.Ақынның «Тұлып » және «Сүт туралы 
баллада» өлеңдерін салыстырайық. 
«Тұлып» атты өленіңде өмір көрінісінен жасаған түйіні,тұжырымы айқын 
көрінеді.Өлең сюжетінде бұзауы өлген сиырды амалсыздан тұлыпқа телиді.Жансыз тұлыпқа 
өзін-өзі алдарқатқан жануар тағдыры оқырманын еріксіз толқытады.Өлең: 
Жоғалғанның орны қайта толмаса, 
Мейірленіп тұрмас еді,ол да аса 
Қайран өмір қызық болар ма едің сен? 
Кейде осындай алданышың болмаса,-деген жолдарымен аяқталады.Ақын үлкен өмір 
түйінің жасайды. 
Ал «Сүт туралы баллада» соғыс жылдарындағы көріксіз көктем сөз болады.Алдыңғы 
өлеңнен айырмашылығы мұнда бұзауы тірі сиыр туралы айтылады.Байлаулы бұзаудың 
да,балағы түрулі ойын баласыныңда көздері «ақ шелектегі бұрқыраған ақ көбікте»: 
Жасыра алмай ала құйын сезімін, 
Жаутаңдайды қарашығы көзінің
Ене байғұс ойлайды тек бұзауын
Ана байғұс ойлайды тек өз ұлын. 


83 
Біздер үшін арпалысып,тіресіп тұрады екеуі... 
Бірі алданып,бірі өсіп, 
Түк жоқ ойда, 
Мәз боп бара жатамыз. 
Екеуміз екі анаға ілесіп [3, 14]. 
Бүкіл бір буын ұрпақтың тағдыры туралы өлең.Ана мен баланың мәңгі махаббаты 
туралы өлең.Ауыр жылдардың аза бойыңды тік тұрғызатын қатал шындығын шебер ақын 
осылайша сазы мен сыры үйлесім тапқан шумақтар арқылы көз алдына әкеледі. 
Жалпы С.Жиенбаев-өнер мен өлең өлкесінде нағыз ақындықтың стихиясын шебер 
қиюластырған ақын. 
Ақынның соғыс жылдарына арналған көзіне жас,езуіне күлкі шақыратын,өзегіңе от 
тастап,кеудеңді тұңғиық мерей рахатына толтыратын жырларында қазіргі жас ұрпақтың 
санасына сыймайтын сұмдық ақиқат бар. Соғысқа деген лағнет жатыр. Бұл жырлардан 
сонымен бірге туған елге арналған нәзік махаббаттың саф лебі еседі. 
Суреткерлік,суреткердің көзқарасы жоқ жерде шығарма да жандана алмайды.Бұл 
тұрғысынан алғанда,Сағи ақын қазақ өлеңін иненің жасуынан өткізген.Ақынның жады мен 
қиялы оқушысын ұзап кеткен сұрапыл шақтың шаңдауылына шебер ұластырылады. 
Ақын өзін тәнті еткен күллі дүниені поэзия өлшеміне салады.Сөз құдіретін терең 
түсінетін халық үшін поэзия ұғымы әр уақытта кең өріске ие.Өмір құбылыстарын терең 
эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі ,тартымды,көркем бейнелеу Сағи 
жырларында мол ұшырасады.Өлеңмен өріліп,сұлу сөзбен кестеленген сырлы дүниенің 
бойынан руханилықтың сұлулық пен нәзіктіктің лебі еседі. Орыс әдебиет-танушысы,сыншы 
В.Г.Белинский: «Поэзия- тұтас өнер.Онда үн де,айқын айтылған пайымды сурет те бар.Ол 
бар өнердің ерекшеліктерін бойына жиып,бүкілінің ұйытқысы болады»,- дейді [15]. 
Поэзияда өзіндік орны бар,мол өркендеп,кең өріске шыққан лирика жанрында Сағи 
ақынның өзіндік қолтаңбасы айқын.Лирикада ой мен сезім бірлесіп терең қабысады.Оған 
тартымды күш-қуат дарытатын-алғыр оймен суарылған жалынды сезім. 
Сезімін ойға серік еткен Сағи лирикасының тақырыбы сан алуан. Енді ақын 
творчествосындағы мәңгі тозбайды деп жүрген махаббат тақырыбына тоқталайық. 
Махаббат-мәңгілік тақырып. Талай ақынның қолына қалам ұстаптып, сезіміне шабыт берген 
де осы-махаббат. Мәңгі құламайтын махаббат шынарын тірек етіп алған қазақ поэзиясының 
кәусарынан көп сусындаған. Сағи бұл тақырыпқа соқпай кете алмайды.Ақынның алғашқы 
махаббатының куәгері, жүрек жырының жалыны - «Көктемнің балғын кезі еді...» өлеңі. 
Ақын: 
Сондай бір күннің бірінде 
Жағаға келіп жаттым да, 
Саусағым басы дірілдеп, 
Атынды жаздым ақ құмға 
Білмедің бірақ сенде оны, 
Ол жайды ешкім білмеген 
Сол бойда тентек жел қолы 
Жасыра салған құмменен,-дейді [ 3, 15]. 
Алғашқы махаббатының есімін жазда құмға,қыста ақ қарға жазған ақын жылдар өте 
келе ол есімді жүрегіне жазады. 
Гүл жапты талай белеңді
Бұрқады талай ақ боран. 
Атыңды сенің мен енді
Кеудеме жазып сақтағам,-деп келетін шеберлікпен қиюласқан жолдар ақынның пәк 
сезімін сол күйі, қарапайым да шынайы қалпында жеткізеді. Ақынның ұшқыр ойы жел 
де,боран да бара алмайтын бір ғана орын-жүрегін таңдайды. Бұл тақырыппен қатарласа 
жүретін тағы бір тақырып-достық. Ақын өзінің «Достарым» деген өлеңінде өмірдің мәні мен 
қызығын достарына теңейді, достарымен мақтанады. 


84 
Қорыта келгенде, Сағи Жиенбаев қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар,өзіндік 
даралығымен, шеберлігімен, өз қолтаңбасымен көрінген. Сағи Жиенбаев шығармалары сөз 
жоқ дара екендігіне,өзіндік ерекшеліктері бар екендігі тұжырымдалып,дәлелденді. 
С.Жиенбаев өлеңдері ұлттық құндылықтарға, яғни, отанға деген, туған жерге деген 
сезімге, махаббатқа бай. Қазақ поэзиясында Сағи Жиенбаевтың өзіндік ерекшелігі, өз орны 
бар екенін танимыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет