Keywords: «
language», «society», «kazakh language», «language knowledge»
Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол қыр-сыры мол, күрделі
құбылыс. Тілдің табиғатын танып білу үшін оны ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы
айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, әдетте, оның қатынас
құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин «Тіл- адам қатынасының аса маңызды құралы » -
дейді.
Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы ретінде пайда болды. Тіл мен қоғамның
өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре
алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті
ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың
бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір
сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.
Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін,
адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін
соншалықты қажет.[1,38]
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара
қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл
тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да
маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның
жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын
күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының,
89
тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас
құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа
саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Тілдің адам
өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың
құралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997
жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің
жауапкершілігі орасан зор: ол- еліміздің дамуында маңызды орын алатын тіл, сонымен қатар,
бүгінгі күнде қоғамның қай саласында да сұраныс пен қажеттілік туындатып отырған,
елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына біріктіретін бірден-бір
құрал. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.
Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз
ұрпақтарымызға бабаларымыздың көптеген буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де
үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін
қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп атап көрсетті.
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға
мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды
құралы болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті
мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын
міндеттеп отыр.
Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп
тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым
құпияларына
үңіліп,
өз
қабілетін
танытуына
мүмкіндік
беретін
қажеттілік.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған
көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және кейбір кеңестікке шыққан заман
тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында: «Қазақстандықтардың жас
ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері
қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін
сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-
заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде
үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, орыс тілін
және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде, ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге
қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсетті. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай
алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі
бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті
құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу
орындарында ғана емес, сонымен бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең
меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс.
Көптілді білім берудің басты мақсаты - әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді
дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге
бағытталған оқушылардың жобалары. жоба Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және
кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде
ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде қазақ және
орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде
көптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз. Көптілді білім беру
жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі
90
осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты
келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек. Сондықтан жоғары
білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп
көрсетілген болатын. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт
деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы,
әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық
қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде
ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да
ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар
кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға
дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді.
Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша
мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ,
керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал
басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді
жетік меңгеру артық етпейді.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың
тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту
басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп,
одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе
жинақтауға мүмкіндігі зор.
Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл.Ағылшын тілін үйрену арқылы
оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен
ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі
заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше
ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын
тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында
пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – казіргі кездегі міндет.
Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін,
біліктілігі мен дағдысын қойып отыр. Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі
– оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.Қазіргі кезде оқушыларға
ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын,
ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің
барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио,
видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік
қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында
қолданылады. Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру
саласында осы мақсатты жүзеге асыру мәселесі болып саналады. Сондай-ақ 12 жылдық
білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды
талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда
ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде
оқытушыларға қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты әлем
бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.
Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытыла
бастауы керек. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер
оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына
баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың
жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып,
91
ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны
еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің
ерекшелігі де осы. Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру
балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында алынып, жүзеге асырылуы қажет.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың
тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту
басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп,
одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе
жинақтауға мүмкіндігі зор.
Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің
үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп
отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір
сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр.
Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге
ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл
ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап
етіп отырған жағдай. Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету
балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы».
Достарыңызбен бөлісу: |