Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына


ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі7,55 Mb.
#84290
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Отан қорғау жолындағы қазақ батырлардың ерліктері

ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып,
жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз
өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында
Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік
көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.Соғыстан соң әскери
әуе академиясын аяқтайды.Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару
қызметінде болады.1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа
шығады.1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы,
Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда
аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс
институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе,
Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.


Қасым Қайсенов
Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы — 30
желтоқсан 2006, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы) - Қазақстанның Халық
қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті
жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты
аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.1934 жылы
мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп,
1938 жылы оны бітірген.Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі
нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып,
әскери-барлау мектебіне жіберіледі.1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген
бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы
тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан
отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы
партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944
жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан
қозғалыстарына қатысады.Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген
жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып,
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте
болады.Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері
төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын
қалпына келтіру науқанына белсене араласады.1951-1954 жылдары Қазақстан
Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің
аудармашылар бөлімінде оқиды.1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы
директорының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы көркем әдебиетті
насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары
[ ]


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет