Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Төлеген Тоқтаров
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Байұлы тайпасы Шеркеш рынан шыққан..Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін