автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943). Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып,