Тапсырмалар: В. Ф. Шаталовтың тірек сызбамен оқыту технологиясын негізгеалып



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі258,89 Kb.
#85059
Байланысты:
1210352922Pedagogika



1 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ: 
Тапсырмалар: 
1. В.Ф.Шаталовтың тірек – сызбамен оқыту технологиясын негізгеалып
оқу материалының логикалық байланысын сақтай отырып «Педагогика 
гуманитарлық ғылым ретінде» тақырыбына Smart Art қолдану арқылы 
құрылымдық –логикалық сұлба құрастырыңыз.
2. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім 
беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері және 
оларды сипаттау. 
3. «ПОПС» формуласын пайдаланып мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін 
ұйымдастыруында тұтас педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары мен 
қағидаларын есепке алуының маңыздылығын көрсетіңіз.
Менің ойымша, …
Себебі, мен оны былай түсіндіремін …
Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…
Тапсырманы қойылған талаптарға сай орындауларыңыз қажет! Әркімнің 
жеке көзқарасы, тапсырманы орындаудағы шығармашылығы, ойын тұшымды 
дәлелдермен топшылауы жұмысты бағалауд ақатаң ескерілетін болады. 
1 Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш 
бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат 
білімдерінің пәнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас 
педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық 
құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда 
педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, 
мәдениет, саясат және т.б.) қабылданары сөзсіз. 
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан 
(психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімдерді 
жанама түрде пайдаланып, оқу және тәрбие аймағында туындайтын 
мәселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай 
болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы 
тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай 
педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары 
жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы 
күйінде көрінері екінің біріне аян. 
2 Қазіргі кезде үздіксіз білім беру/алу барлық елдерде өзекті мәселе 
болып отыр. Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және 
коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық 
өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. «Халықпен халықты, адаммен 
адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов 
айтқандай, республикамыздың басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет 
саясат жағынантең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың 
білімді де білікті болуын талап етеді. Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен 
ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының 
еңбектерінде айтылған болатын. А.Л.Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек 


таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу 
кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық 
жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп 
қарастыру қажет»[2]- деген орамды пікірі білім алу өмір бойы екенін 
аңғартып түрғандай. 
3 Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында 
жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын 
табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе 
бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол 
– адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу 
болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана 
адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір 
талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
Бүгіні таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде 
көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл 
әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда. Осыған 
орай үздіксіз білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану 
арқылы оқытудың маңызы зор. Бұрынғы дәстүрлі білім жүйесінде білім 
мазмұны, көбіне оқушының сұранысына және қоғамның қажеттілігіне керек 
емес фактологиялық материалдармен ақпараттардың басымдылығымен 
сипатталатын болса, үздіксіз білім беру жүйесінде білім мазмұны қоғамның 
даму мәселелерін алдын ала бейнелеуге және жеке адамның жан-жақты 
дамуына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет