білген сайын, Мұхаммед Хайдар Дулати мемлекетті басқарудағы әрекеттер мен
заңдылықтардың қыр
-
сырларын соғұрлым аша түсті»
[1, 182-
183 бб.],
–
деп жазады.
Шынында да, Мұхаммед Хайдар Дулатидың
заманы қазақ, өзбек, қырғыз
тәрізді туысқан халықтардың ұлттық мемлекеттерінің тарих сахнасында жаңадан
қалыптаса
бастаған кезеңі еді. Жәнібек пен Керей хандар бастаған қазақ
хандығы
болса, іргесін әлі де кеңейте қойған жоқ болатын.
Осы уақытта озық туған
Мұхаммед Хайдар Дулати шығыс
әдебиеттерімен жете таныса отырып, адам
мәселесіне жіті үңіліп, тарих философиясын тұңғыш қалыптастырған ірі тұлға
болды. Әсіресе, ислам дінін халық арасында кеңінен насихаттап, Боладжы мен
Худайдаттай бабаларының ізін жалғастырды. Бүкіл түркілік қауымның
мақтанышына айналған «Тарих
-
и Рашиди» еңбегінің кіріспесінде де осы жайды
атап айтады.
Осы орайда, Мұхаммед Хайдар Дулатидің әрбір ізгілікті ойлары мен
қағидаттарының
жас егемен еліміздің дамуы
үшін маңызы зор деп санаймын.
Ойшыл «білікті ел басшысы
–
мемлекет күштілігінің тұтқасы» дейді.
М.Х. Дулати өз шығармашылығымен дәуірге де, қоғамға да ықпал етті. Ол
бәрінен бұрын ұлттың мүддесін жоғары қойды. Жалпы халықтың мұң
-
мұқтажын
жақтады. Адамзат
баласын биік адамгершілікке, үлкен азаматтық сапаға
тәрбиелеуге ұмтылды. Ол адам өмірінің жоғары құндылығы
–
адамның өзінде,
құдіретті
болмысында екендігін түсініп, жақсылық жасау, қайырымдылық
әрекеттер
атқару әрбір адамның өмірін өмірден өз орнын табуына, жан дүниесін
қалыптастыруға
жағдай жасайтындығын атап
айтады.
М.Х. Дулати өз еңбегі арқылы Дала өркениетінің аясын кеңейтіп, сан ұлы
тұлғалардың образдарын көз алдымызға әкеледі. Әсіресе, «елім
-
айлаған» ел,
құлазыған
дала көріністері шынайы суреттеледі. Өз халқының қайғы
-
қасіретіне
күйініп, келешек үшін арпалысқан М.Х.Дулати де аз қысымшылық көрген жоқ.
Туған жерінен жырақта, қалтарыста өмір сүрсе де, халықтың рухани қажетін
түгендеп, адами болмысты шыңдайтын ақыл
-
парасатымен дараланды. Тәуелсіздік
рухымен бірге еліміздің
жоғын түгендеп, мәдени мұраларын жаңғыртуға, өткен
уақыт тезіндегі олқылықтарының орнын толтыруға ұмтылып бақты. Әсіресе,
ұлтымыздың
дәстүрлі мәдениетінің
тым тереңде жатқан тамырларының рухани
маңызы жайында Елбасымыз: «қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге
шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған
еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды»
–
дейді [2, 26 б.].
М.Х. Дулати шығармашылығын қарастыру барысында да, біз тарихты
қозғаушы
негізгі күш
-
адамның қоғаммен тығыз байланысты екендігін аңғарамыз.
Адам
-
қоғам
-
тұлға қатынасы бойынша тұлға ретінде қалыптасу, ол тұрғыдағы
қоғамның
негізгі ықпалын саралаған ойшыл ислам дініне жүгінеді. М.Х.Дулатидің
барлық ізгілікті ойлары, ұлылығын дәйектейтін адами қасиеттері адам тұлғасына
қатысты
өріледі.
Ең бастысы, М.Х.
Дулати ойларын бүгінгі саяси
-
әлеуметтік дамуымызда
негізгі бағдар етіп ұстауымыз қажет. Елбасының
қазақ
халқының ұлттық идеясына
балап отырған «Мәңгілік елдің» болашағымызға бағдар беретін, ұлтты
ұйыстыратын
идеяға айналуы үшін де ойшыл тұжырымдарының мәні зор. Мәселен,
«Жігіттердің қызмет еткісі келмесе, олар өнегелі, тәрбиелі адам болып өсе алмайды.
111
Халықтың әр түрлі топтары хандар мен сұлтандар, әмірлер мен басшылар жиналған
көпшілік алдында, сондай
-
ақ
мереке
–
жиындарда, ірі істерді атқаруда сасып
жаңылысады, сөйтіп адамдар оны тыңдаудан қалады. Алайда
,
жігіттер жасы
үлкендерге
қызмет жасайтын болса, олардың мұндай шаруа мен жамағаттың
жиындарында өзін сенімді ұстайтын болады. Өзіне деген осындай сенімнің
арқасында халықтың
көз алдында көңілінен шығып, ілтипатына бөленеді, ал
олардың абыройлы болуы дүниені билеп басқаруда қуаттылықтың, мықтылықтың
себебі болмақ. Ал егер бұл қызметті білімі жоқ адамдар атқарар болса, ол
басқаларға тиісті тапсырма бере алмайды, тапсырманы орындауда жіберген
кемшіліктерді, оларды жою жолдарын көре алмайды…»
[3], –
деген сөздерінің де
бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.
Еліміздің қоғамдық
-
саяси дамуы үшін ел басқарушыға тікелей байланысты
екендігін бүкіл тарих дәлелдеп берді. Патшасы арам жұрттың жегені харам болып,
елдігінен ажырағаны да өткен уақыт еншісінен белгілі. Осы орайда, жас
мемлекетіміздің тізгінін ұстаған Елбасының сындарлы саясатымен аз уақыттың
өзінде
-
ақ үлкен межелерді бағындырғанымызды мақтаныш етуімізге болады.
М.Х.Дулати өзінің кітабында әділдікті қоғамның
өркендеп дамуының негізі деп
қарастыра
отырып, мынадай пікір айтады: «...әлемді жаратудың мақсаты болып
табылатын адамзаттың тыныштығы мен аман
-
саулығының негізі ретінде Аллаһ
жоғары лауазымды билеушілердің әділдігі мен билігін берді. ...Егер билеушінің
мақсаты Жаратушының ризашылығына қол жеткізу болса, бұл үшін әділеттілік пен
қол
астындағыларға қамқор болудан
артық жолды ойлап табу қиын, өйткені
алғашқы да, соңғы да, ең ғұлама және ең таңдаулы (пайғамбар) алпыс жылдық
құлшылықтан
әділеттілік жасауға
кеткен өмірінің бір сағатын артық санаған.
М.Х.Дулати әділеттілікті билікпен байланыстырған, биліктің әділеттілігін
талап етуді өзінің тарих философиясының басты қағидаттарының біріне
айналдырған. Бұл жерде ислам дүниетанымының ықпалы айқын байқалады.
Біріншіден, М.Х.Дулати жоғары лауазымды билеушілердің әділдігі мен билігін
Аллаһтың ризашылығымен байланыстырады. Екіншіден, әділдікті ұстанған және
өзінің
қол астындағыларға қамқор болғандар Жаратушы Аллаһтың қолдауына ие
болады. Үшіншіден, осы ойдың дәлелі ретінде Мұхаммед пайғамбардың
хадистеріне сілтеме жасайды. Халық билеушінің үстемдігін
мойындап, оған
бағынуы үшін, ол мемлекет басқару ісінде әділетті болуы және әділ басқаруды
орнатуы тиіс. Осындай ой Құранның 4
-
сүресінің 58
-
аятында көрініс тапқан: Аллаһ,
шын мәнінде, бізге бұйырады..., адамдарға билік айтқанда, әділдікпен билік
айтыңыз» [4, 76б.]. Ал әділетсіз билік ислам діни ілімінде үзілді
-
кесілді айыпталады
және жол беруге болмайтын, адамдарға үлкен ауыртпалық әкелетін әрекет ретінде
қарастырылады. Бұл тұжырымдарды М.Х.Дулати «Шын мәнінде опасыз дүние
байлыққа сүйенбеген патша нағыз патша, өйткені опасыз дүние өтпелі, тұрақсыз.
Байлық дегеніміз әділеттілік пен игіліктің салтанат құруы әрі имандылық бақыты
жұмақ бағына осы әлемнен жетеді. Бұл
жөнінде шексіз айта беруге болады»,
–
деп
өрбітіп, ел билеудің он шартын санамалап айтып өтеді. Әрбірінің ел болашағы үшін
терең маңызы бар екені даусыз.
М.Дулатидің шығармашылық мұрасы
–
қазақ ұлтының өз шаңырағын құрып,
жеке хандық
құрған, аса ауыр да дүрбелең уақытындағы түркі тілдес халықтардың
112
мәдени
-
тарихи өмірін шежірелеуден туған, өмір философиясына тұнған, болмыс
пен таным туралы, адам тұлғасы жайлы жан
-
жақты сыр шертетін философиялық
мазмұнымен ерекшеленеді. Әрі ақын, терең білімді ғұлама, ойшыл, қоғам
қайраткері, қолбасшы М.Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди» атты еңбегі
–
өркениеттің
барлық мәселелері туралы ой толғаған энциклопедиялық туынды.
Достарыңызбен бөлісу: