Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиет
 
 
1.
Қалиекова
М. Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірі мен шығармашылығы. 
Монография. Алматы: Атамұра, 2010. 
– 
176 б.
2.
Дулати М.Х. Тарих
-
и Рашиди: әдеби
-
мемуарлық шығарма / ауд. Мұхтар 
Қазыбек, Әбсаттар Нұралиев. 
– 
Алматы: «Мирас» баспасы, 2015. 
– 
768 б.
3.
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. 
ISBN 9965-26-322-1 
ОӘЖ 
82.512.1 «11»(092) 
ҚОЖА
 
АХМЕТ ЯСАУИДІҢ
 
СОПЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ 
 
ГУМАНИСТІК МӘНІ
 
 
Спанов М.Ж.
 
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті,
философия
ғылымдарының
кандидаты
 
Түркі даласының төл перзенті
Қожа Ахмет Ясауи
– 
қазақ
халқының 
мәдениеті мен тарихында айрықша орны бар ерекше тұлға.
Ислам дінін 
насихаттаған және сопылық ілімнің
көрнекті өкілі. Х ғасырдан бастап исламның 
саяси ілім шеңберіне мемлекет пен саясатты зерттеу 
– 
оны нормативтік
-
құқықтық 
және этикалық
-
философиялық тұрғыда қалыптастырады. Нормативтік
-
құқықтық
бағыт мұсылмандық
-
құқықтық
теорияға сүйенеді және басқа ілімдердің ықпалын 
сезінеді. Философиялық
-
этикалық бағытта зерттеушілер гректің саяси 
философиясының дәстүрлеріне сүйенеді және оны мұсылман мемлекеті 
– 
Араб 
халифатының ерекшеліктеріне қарай бейімдеп пайдаланды. Осы дәуірдегі ірі 
ойшылдардың бірі

бүкіл түркі жұртын
татулыққа, имандылыққа, ізгілікке, рухани 
тазалыққа үндеген ұлы әулие атанған Құл Қожа Ахмет Ясауи еді. Ясауиді жан
-
жақты тану, одан жүйелі түрде үйрену, онымен пікір таластыру және сұхбаттасу, 
оның философиялық
-
этикалық ілімін одан әрі дамыту, жастарды

оқушыларды
оның гуманистік іліміне баулу және оны бүкіл Шығыс мәдениеті шеңберіне ұлы 
ойшыл ретінде зерттеу 
– 
бұл ғұлама атамыз Қожа Ахмет Ясауидің әлемдік 
философия классигі, тұлғасы, оның еңбектерінің бүкіл адамзат мәдениетінің 
рухани санасына қосқан үлесі екенін білдіреді

Ахмет Ясауидің
есімін мұсылман 
әлеміне
мәшһүр еткен шығармасы «Диуани хикмет»
(«Ақыл кітабы») болып 
табылады.
Ясауидің
хикметі адамдық кемелдікке және рухани еркіндікке жетудің ілімі 
болып табылады. Адамның адамдыққа жетуінің
жолы
Ясауидің Тәңірге «Хикмет 
берсең ит
-
нәпсімді ұстасам мен» деп, мінәжәт етуінен де осы ақиқатты көруге 
болады. Бұл құбылыс сопылық дүниетанымдағы «Сені тануым үшін Сенің нұрыңа 
мұқтажбын» тұжырымын еске салады. Құранның Бақара сүресінің
269 аятында 
«Хикметті адамыма ғана беремін» деген. Бұл ақиқат, негізінен Мұхаммед (с.ғ.с.) 
пайғамбарымыз үшін айтылған. Сондықтан да Ясауидің ілімінде «хикмет» 
– 
Тәңірдің құты немесе сыйы ретінде қарастырылады. Оның «Хикмет айт деп Сухан 
айтты, қабыл алдым» немесе «менің хикметтерім 
– 
инам
-
и Аллах»
(Тәңірдің құты 
121 


сыйы) деуіде осының айғағы. Қ.А. Ясауидің хәл
-
хикмет ілімінің ең үлкен жетістігі 
мен ерекшеліктері 3 мәселе төңірегінде топтасты. 
1. Құранда көрсетілген ислам дінінің мәні мен кемел адам идеясын дөп басты; 
2 .
Ислам дінінің мәнін түрік тілінің дүниетанымдық ерекшелігі арқылы ашып 
көрсетті.
3. 
Ясауи сол дәуірдегі дәстүрлі түркілік дүниетаным адамның мән, рух, мазмұн 
іздеп, исламның рухымен толық танысса, табыса алмай жүрген тарихи өтпелі 
кезеңінде жол көрсетуші кемел ұстаз рөлін атқарды. Ясауи арды «иман
-
и нұр» 
арқылы негіздейді. Иман, имандылық Тәңір ұғымымен байланысты. Иман 
– 
жүректің тереңінде жасалған хәл. 
1.
Зат нұры; Сипат нұры; 3. Хақ нұры
(топырақ нұры); Бұл жердегі Зат нұры 
– 
Алла тағаланың нұры, Сипат нұры да, Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) 
пайғамбарымыздың нұры, Хақ нұры 
– 
адамзаттың бұл дүниеле көрген нұры. Бұлар 
толығымен сопылық дүниетанымдық категориялар. «Кемел адам» 
тұжырымдамасы 
– 
Ясауи ілімінің түпкілікті мұраты. Адамның мақсаты мен 
жаратылыс себебі 
– 
Хақиқатты тану, Оған қауышу. Бұл мақсаты Иасауи «Хақ болу» 
деп көрсетеді. Ясауи ойынша, кемел адам болу үшін 4 шарт жүзеге асырылу қажет. 
Мекен
(кеңестік), заман
(уақыт), ихуан (бауырмалдық, өзара ынтымақтастық),
рабт
-
и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік)
2.
Яғни біріншіден, шәкірттер ойы бөлінбеу, алаңдамауы және зікірмен 
айналысуы үшін, ең алдымен, жайлы кеңістік (мекен
-
отан) болу керек.
Екіншіден

шәкірттер арасында және мемлекетте жұмыссыздық, соғыс және 
т.б. келеңсіз оқиғалар болмау керек. Яғни, мұндай құбылыстар шәкірттің 
кемелдену уақытына кесірін тигізеді.
Үшіншіден

шәкірттің
барлық моральдық
-
парасаттылық асуларында, 
мақамдарда, қылует пен 40
күндік рухани тәрбиелеу,
жаттығу мектептерде 1 саптан 
табылатын кемелдік
жолында рухани достардың болуы керек.
Төртіншіден шәкірттер мемлекет басшысына берілген, адал болулары керек.
Ясауи жолында шәкірттіктің соңы, кемел адамның рухани асуларының ақырғы 
мақсаты 
– 
«пақыр жолы»
болуы керек

Ахмет Ясауидің
«Даналық кітабында»
негізінен төрт ғақлия мадақталады:
1. «Шариғат» 
– 
ислам заңдары мен әдет
-
ғұрыптарының негіздері, яғни 
мұсылмандық
жолын қастерлеп, тәлім
-
тәрбиеге үлгі
-
өнеге етіп жырлау. 
Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып,
ақын 
адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.
2. «Тариқат» 
– 
сопылық ой
-
мақсаттарды
насихат
-
өсиет ету. Яғни жыр 
өрнектері
арқылы
ұрпақты
имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке, 
тазалыққа, адалдыққа
тәрбиелеп,
тақуалыққа үйрету.
3. «Мағрипат» 
– 
дін жолын танып, оқып
-
білу, яғни Алланың ақ жолын 
ардақтап, соған
тағзым етіп, тағлым алу 
– 
адамгершілік парыз
екенін әсерлі 
сөзбен, айшықты жырмен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа, ыждағаттылыққа
тәрбиелеу:
«Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім
сүйер, риза болар сол пендеге 
пәруәрдігер» 
– 
деп, ақын ғаріп, пақыр, жетім
-
жесірлерді сүйсең, оларға 
жақсылық жасасаң, Алла
-
тағала
саған риза болып, ісіңді оңдайды, мақсатына
жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз ақын оқырманға
адамгершілік тәрбиесінің ең 
122 


түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізеді, Алланың ақ жолы 
– 
адамгершіліктің шырағы екенін
оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.
4. «Хақиқат» 
– 
құдайға құлшылық ете білу,
яғни бүкіл әлемді жаратушы 
құдіретті
танып
-
біліп оған табыну, құдайдың құдіретіне сену әрбір 
мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа 
тәрбиелеу. 
Шыншыл, қамқоршы, мейірман ақын ел өміріндегі шындық пен 
әділеттілікті
іздеп, көп жерде шыншылдыққа қиянаттың қырсығын көріп, 
мұзданады, көңілі сынады, көзіне жас алады, сөйтеді де ұрпағын «хақиқат 
дариясынан сусындауға», әділетсіздер мен күресе білуге шақырады, әділдікке, 
кісілікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.
Ясауидің «Диуана хикмет» еңбегі түркі тілінде жазылған рухани және 
гуманистік бағыттағы кітап деуге болады. Оның хикметтерінің жеке өз басының 
түркілерге кеңінен танымал болу себебі 
– 
ол ұстамдылыққа және өзін
-
өзі 
жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеялар
көтерді. «Қапалы жанды 
көрсең, бол оның сен емшісі», «Мен мойынсұнбайтындардың белгісін табуға 
тырысамын», «Еліктесең 
– 
пайғамбарға елікте, жетімдерді ұмытпа» т.б. Оның 
мейірімділігі, әділеттілігі, өткір ойлылығы, қарапайым қалың Бұхараның 
жанының шындығын түсінбек ынтасы, өзін басқалармен
тең ұстаған, көкіректілігі
жоқ, ақ пейілді Ясауи даңқын әлемге былайша таратты:
«Мен сопымын» 
– 
мақтанасың жер 
– 
жерде.
Бірақ оның билігіне шыға алдын ба?
Сопымысың? Қолын неге жетіп
Шын жиналған көз жасы жоқ еді жүзінде
». 
Ұлы
ғұлама ақын, ойшыл өзінің туындысында дін мұсылман қауымына 
Алланың ақ
жолын
-
Ақиқат жолын айтып беруді, ұғындыруды мақсат еткен. 
Кемеңгер бабамыз бұл
жинағында өз уақытының шындығын өмірінің бүкіл 
болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын
табу мен 
тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын 
мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған.
«Диуани хикмет» шығармасында тәлім
-
тәрбиелік ой
-
пікірлерінің үлкен бір 
саласы 
– 
имандылық тәрбиесі. Осы кезге дейінгі педагогикада тәрбиенің сан 
алуан түрлері сөз болғаны белгілі. Олар ақыл
-
ой, дене шынықтыру,
адамгершілік 
тәрбиелері. Осынау тәрбие түрлерін ескі сарынмен топтастырмай
-
ақ, олардың 
барлығын жинақтап оны имандылық деп білеміз. Оның ойынша адамның 
имандылығы оның тілегінен, мақсатынан, осыған орай жүріс
-
тұрысынан, 
кішіпейілділігінен туындайды. Ясауидің өзі де сыпайылық танытып, ізгілік 
көрсетіп, қажет болса жанашырлық жасап жүреді екен. Ол ата
-
анаңды аяла, 
қарттарды
сыйла, әрқашанда ата
-
бабаның қаны, Алланың жасы тамған туған 
жерді қорғауға әзір болу керектігін ерекше ескертеді. Қазақ халқының бар өмірі 
іргелес елдердің басқыншылық әрекеттеріне қарсы күреспен өтті деуге болады. 
Осы кездегі ел бастаған даналар мен батырларды жастарға үлгі етеді. Өзінің 
шығармасында олардың өмірлерін кейінгі ұрпаққа өнеге тұтады. Ол халықты 
имандылыққа шақырып,
ынтымаққа, бірлікке, ұл
-
қыздарын сол қоғамның 
белсенді адамдары етіп тәрбиелеуге шақырады. Сертке беріктік, досқа адалдық, 
123 


мейірімділік, еңбек сүйгіштік, сұлулықты түсіне білу,
отансүйгіштік сияқты ізгі 
мінездерді басқаларға үлгі ету кітабында кең орын алған.
«Кітап ашып,
сүрелердың мәнін сұрап,
Ұққанымша
асықтым, әзер шыдап,
Қол
қусырып, ұстазымның сөзін сыйлап,
Жаутаң қағып, көңілін бағып тұрдым мен де...»

Осы хикметтердегі тәлімдік
ой
-
пікірлері бүгінгі біз айтып жүрген 
имандылық тәрбиесімен
ерекше қиюласып, ұрпақты жас бесігінен тәрбиелеуге 
көмектеседі. Қожа
Ахмет Ясауидің 2
-
ші хикметінде:
«Жеті жаста Арыстан баб келді бабам,
Хақ Мұстафа аманат берді маған,
Сол сәтінде
-
ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп,Тәңірі
жолына түстім мен де...».
Бұл жолдардағы психологиялық ой
-
толғаныстары да бүгінгі күнгі 
жастарымызды тәрбиелеуде көп көмегін тигізетіні белгілі. Оның адамның жас 
ерекшеліктеріне берген сипаттамалары қазіргі ғылыми қағидалармен
ұштасады, 
әр
жастағы адамның көңіл күйі, сезім эмоциялары, түсінік
-
толғамдары әр түрлі 
болатындығын дұрыс көрсетеді. Дала ойшылының хикметтерінің бір қатары 
ғашықтық
жайында сөз етеді. Бірақ онда әдеттегідей жігіттің қызға, қыздың 
жігітке деген сүйіспеншілігі емес, керісінше әңгіме ақынның Алла тағалаға деген 
махаббат

іңкәрлігі туралы. Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздерінің 
көпшілігінде ұстазы Арыстан баб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың 
айтқандарына құлақ қойып,
ой жібере қарауды ұсынады. Менмен, көрсеқызар, 
кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл
-
кеңес береді, яғни 
бабамыздың хикметтері толған ғибрат, мәнді де мағыналы пікір, адамгершілік 
мұраттарына толы. Қожа Ахмет бір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, 
мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, 
өтірік
айтпа, дүние
-
байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, 
дүние жалған ешкімге де опа болған емес, дүниеқоңыздықпен мәңгілік өмір 
сүргісі келген һарун перғауындар заманындағы Хоман немесе халық сүйіктілері 
Фархад
-
Шырын, Ләйлі
-
Мәжнүн қайда қазір, олар мәңгілік ғұмыр кешкен еді
», – 
дейді. Ал «Диуани» соңындағы «Мінажаттар» жинақтың сөлі мен нәрі сияқты. 
«Менің хикметтерімді дана естісін,
Сөзімді дос қылып,
мақсатына жетсін.
Қияметте
оған жетекші болармын,
Егер дертті болса, дәрі болармын…» , 
– 
дейді ұлы кемеңгер.
Ахмет Ясауи адам мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ол 
Бұхара
халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз 
істерін сынайды, бұл дүниенің жалғандылығын айтады.
Оның сопылық ілімінің 
басты мақсаты адам жетілдіру, адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді 
сынау. Сондықтан
да Ясауи Құдай атынан парасаттылыққа, әділдікке, ізгілікке, 
тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік, гуманизм ойлары дін арқылы 
түсіндіріледі. «Кімде кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде
-
кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады». Адам проблемасы, 
гуманизм, адамның
дүниеге қатынасының жалпы формалары 
– 
бұрынғы және 
124 


қазіргі
философияның зерттеу
обьектісі, оның болмысы мен ойлауының 
таңғажайып сырлары, табиғаты мен мәні, өзін
-
өзі
тануы, рухани тазаруымен 
жетілуі, санасының
формалары мен деңгейлері барлық заманда ғұлама философ 
ойшылдарды қатты толғандырған. Адамның практикалық іс
-
әрекетінің
өз 
адамгершілік, гуманизм, имандылық деңгейлерімен бағаланылады, оның ішкі 
дүниесінің
негізгі формалары болып, махаббат, үміт және
сенім есептеледі. 
Имандылық халықтың бай
рухани қазынасымен байланысты, әрбір адам
осы 
рухани байлықты жүйелі түрде терең меңгеруі қажет. Бұл біздің де алдымызда 
тұрған
негізгі мақсат. Ясауидің адам және оның имандылығы, адамгершілігі 
туралы ілімінің маңызы
зор. Әрбір адамның ары таза болса, онда оның
ісі де 
нәтижелі, ұлттық тарихымыз да таза
болады. Ендеше бұл дүниедегі негізгі 
әлеуметтік
-
мәдени байлық
-
парасатты, иманды іші
мен сырты әсем, ылғи ойы 
мен ісі бірлікті
болатын
адам. Соның ішінде адамның өзін
-
өзі
тануы 
– 
ең қиын 
мәселе. Данышпан Абай
айтқандай: «Адам бол!» атты гуманистік
идеясы сонау 
Ясауиден халқымыздың бойына
сіңген өзіндік философиясына тән. Осы идея
қазіргі
тәуелсіз Қазақстан жағдайында біздер
үшін
өте маңызды

Құдайды
тану 
негізінен этикалық акт деп
атауға болады. Ясауидің қоғамдық

саяси және
әлеуметтік
дүниетанымының негізінде де этикалық идеялар жатыр. Оның 
пікірінше кез келген саяси және қоғамдық қызмет имандылық, әділеттілік, 
даналық, мейірімділік т.б
сияқты гуманистік, моральдік
-
адамгершіліктік
принциптерге негізделуі қажет. Ясауидің мораль мен сопылықты біртұтас етіп 
қарастыру
идеясы парсы сопысы Фарид ад
-
дин Аттаридің
«Сопылық» 
қағидасымен
сәйкес келіп тұр.
Сонымен біздер сопылықтың
негізін қалаған 
атақты ойшыл Ясауидің дүниетанымы мен философиясы туралы мағлұматтарды 
жүйелеуге тырыстық. Ясауи өзінің ұзақ жылғы гуманистік бағыттағы өмір 
жолын түйіндей келіп, бұл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген 
қорытындыны
былай жасайды:
“Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеде ие бол…” .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет