Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиет
 
1.
Қазақстандық
бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту 
тұжырымдамасы. 
Астана, 28 желтоқсан 2015 ж.
2.
Дулати Мұхаммед Хайдар. Тарих
-
и Рашиди (Рашидова история): Перевод с 
персидского языка, 2

изд. дополненное 
– 
Алматы: «Санат»
. 1999
г

ОӘЖ 821.0
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ КАШМИР ӨЛКЕСІНДЕ ИСЛАМ 
ДІНІН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ
 
 
Сейткулова Ж. М.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Дулатитану» ғылыми
-
зерттеу орталығының директоры, 
тарих ғылымдарының кандидаты,
доцент
1541 жылдың тамыз айында Мұхаммед Хайдар Дулати Кашмирде Ұлы ғалым 
Сұлтан Зейн әл
-
Абдиннің ұрпағы Нәзік шаһты таққа отырғызып, оның атынан 
билік етті. Билік басына келген кезеңнен бастап М.Х. Дулати мемлекеттегі дін 
тазалығын қолға алды. Қай кезеңде де мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру 
116 


мүдделілігі 
– 
әлеуметтік, саяси қоғамдық, экономикалық дамуының кепілі. 
Мемлекет
қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы болып табылады. Ол 
адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, 
адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына, оның азаматтық 
кемеліне жетуіне, рухани мәдениетін игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық 
деңгейіне және басқаларына салғырт қарай алмайды. 
Мұхаммед Хайдар Дулати мемлекет және қоғам қайраткері ретінде сол 
кезеңдегі елдің тыныштығы рухани негізінде екендігін сезіне білді. Діннің адам 
және қоғам арасын жалғастырушы, жаратушы, үйлестіруші
қасиетін жете түсініп, 
оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға 
өнеге
тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған ол, ислам діні 
қоғамның
рухани
-
адамгершілік негізіндегі дамуының қайнар көзі екендігін жақсы 
білді. Өйткені, бағыт
-
бағдары боямасыз дамыған ислам діні 
– 
адамдарды 
имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеудің басты құралы. Ал, рухани тәрбие 
адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл
-
ойы мен іс
-
әрекеттерін
жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге 
рухани көзқарас қалыптастырады. Руханилықтың тағы бір келбеті адамның өз 
бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, өзінің ақылы, 
дарыны, қабілеті, ішкі нұры мен жүрек жылуын айналасындағылармен бөлісуге 
ұмтылысы
.
Жастайынан ислам дінінің әдебиеттері арқылы білімін жетілдіріп, 
тәрбиеленген, діни жосын
-
жоралғылардың барлығын толықтай ұстанған 
Мұхаммед Хайдар Дулати мемлекет басшысы ретінде қызмет атқарған шағында 
ислам дінінің тура жолда
дамуына бар күш жігерін салды. Оның бұлай жасауының 
негізгі себебі Мұхаммед Хайдар Дулати ислам дінінің дәуірлеген кезеңінде өмір 
сүрді. Ол дүниеге келген отбасының өзі де ислам дінін қастерлеген отбасы болды. 
Ислам дінінің сүннит бағыты, Әбу Ханифа мазһабын ұстанған Мұхаммед Хайдар 
Дулати ислам дінінің мазһабтары, әсіресе Ханафи мазһабында (діни құқықтық 
мектеп) жазылған әдебиеттерді ерекше ықыласпен көп оқыды. Орта Азия 
ғұламаларының
ислам дініне қатысты еңбектерімен қоса, араб
-
парсы дүниесінің 
ғалымдарының шығармалары оның сүйіп оқитын әдебиеттері болды.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ұстазы, әрі тәрбиешісі Маулана Мұхаммед Қазы 
әкесінің
адал досы болды және ол сопылық жолдағы кісі еді [1, 42 б.]. Маулана 
Мұхаммед Қазы Мұхаммед Хайдар Дулатидің бойына жастайынан сопылыққа 
деген сүйіспеншілікті еге білді. Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде ауыр күнәлар 
туралы айтқанда Әбу Талиб Мұхаммед бин Әлінің (996 ж. қ.т.) еңбегі «Қуат әл
-
кулуб» («Жүректердің қуаты») шығармасына сілтеме жасайды. Ал, тақуалық 
туралы айтқанда Мұхаммед Хайдар Дулатидің басты сүйенген еңбегі «Каниф
-
әл
-
Махжуб» болды. Оның авторы Әбу
-
л Хасан әл

Ғазнауи суфизмнің жунаид 
ағымының ірі теоретигі еді. 
Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде сопылардың еңбектерін пайдалана 
отырып, Алланың рақымына бөленіп, бақилық
болғанда Жаратушының шапағаты 
түсіп жұмаққа барудан да үміттенген. Оған бару үшін көптеген игі істер жасау 
қажет
деп тапқан. Оның соншалықты қарапайымдылығы да осыдан көрінеді. 
Мұхаммед Хайдар Дулати сопылардың игі істерін жақсы білді, ішінде дінге қайшы 
келетін сопылық ілімдерді қатты сынға алды.
117 


Ұлы
ғалымның әлем таныған «Тарих
-
и Рашиди» еңбегінде өзі билік жүргізген 
Кашмир өлкесіндегі ислам дінін жергілікті халықтың ұстануы туралы 100
-
тараудағы «Кашмирдегі ислам дінінің жәйі және Кашмирде бұрын билік еткен 
мұсылман сұлтандары туралы қысқаша әңгіме» және «Кашмирдің діни сектасы 
(мазһабы) жайында», 
– 
деп аталатын 101
-
тарауларында жазып қалдырды.
Тарауларды оқи отырып, ғалымның өзі Кашмирде билік еткен кезеңде ислам 
дінінің тура жолда дамуына ықпал еткен тұлғаның бірі болғандығын анық 
байқаймыз. Соның бірі Кашмирде билік басына келгенде өлкедегі діни ахуалды 
қарастыру
барысында ислам дініне қайшы келетін сопы Шамс Нұрбахшидің діни 
сектасы «Нұрбахши мазһабын» сынға алғаны еді. «Тарих
-
и Рашиди» еңбегіндегі 
100-
тараудағы «Кашмирдің діни сектасы (мазһабы) жайында» 
– 
«Кашмир 
тұрғындарының барлығы [исламның] ханафи мазһабын ұстанады екен. Нәдір 
сұлтанның әкесі Фатһ шаһ билік құрған заманда осы жерге Шамс атты бір кісі 
Ирактың Талышынан келген болатын. Ол өзін Нұрбахши (Нұр беруші) деп атап, 
(дінді) бұзатын сектаны таратып, оны «Нұрбахши мазһабы» деп атайды да, 
ашықтан
-
ашық кәпірлік пен дінсіздікті уағыздай бастайды. Ел арасында «Фикһ
-
и 
аһват» атты кітапты таратады. Ол сунниттердің де, басқа жамағаттар, рафизилер 
(шииттердің бір сектасы) мен шииттердің ешқайсысының мазһабына жатпайтын. 
Осы жолды ұстанушылар рафизилик ұраны болған пайғамбар мен Айшаға 
мойынсұнуды өздеріне парыз деп санайтын. Алайда

шииттер ұғымына қарсы 
Сайид Мұхаммед Нұрбахшиді замана әміршісі және уәде етілген Маһди деп 
санайды. Шииттерге керісінше олар ұлы әулиелерге сенеді, бірақ (олардың) 
барлығын сунниттер деп есептейді.
<Алла тағала кәпірлердің осындай нанымынан 
сақтасын>. 
Барлық ғибадат етулері мен амалдарында осындай ауыс
-
түйістер жасаған олар 
түгелдей күпір болып табылатын сенімдерін «Нұрбахши» нанымы деп атайды. Мен 
Нұрбахыштың бір топ шейхтарын Бадахшан мен басқа жерлерде көріп, барлығын 
анықтадым. Олар сырттай қарағанда
пайғамбар (с.ғ.а.) қағидаларына сай келіп 
тұрғандай әрі түгелдей сүнни мазһабы және мұсылман жамағат қауымына 
жататындай көрінді», 
– 
деп басқа діни нанымды таратты деп сынға алды [2, 600б.].
Нұрбахшийа 
– 
ислам дінінің шииттердің ағымына жататын сопылық 
қауымдастық. Оның негізін Иранда туылған бахрейндік Саййд Мұхаммед бин 
Мұхаммед Нұрбахыш (1392
-
1464) қалайды. Өзінің
ата
-
тегін шииттік имам Мұса әл
-
Казимнен таратады. Ол шииттік шейх Ысқақ қажы әл
-
Хутталанидің мүриді болды, 
ол шәкіртінің Құран мен «барлық ғылымдарды» меңгерудегі ерекше жетістіктері 
үшін
Нұрбахш («Нұрдан жаралған») деп атап, өзінің марқұм ұстазы, 
кубрауийшылар шейхы Саййид Әли әл
-
Хамаданидың хиркасын беріп, хеканаға 
басшылық етуді тапсырады. Осы ағымды насихаттай отырып ол шейх Әли әл
-
Хамаданиді жерге әділдік орнату үшін келген имам
-
маһди және халифа деп 
жариялайды. Иракта оның құрметіне теңге соғылып, құтпа оқылады. Оның Әмір 
Темірге қарсы уағызы мен шииттердің ағымына жататын сопылық қауымдастықты 
марапаттайтын үгіт
-
насихаты әуелде Иракпен қатар Курдистанда, Әзірбайжанда, 
Гилянда табысқа жетті. Бірақ Әмір Темірдің ұлы Шаһруһ (1405
-1447) 
нұрбахшыларды қатты қуғындады. Нұрбахш өмірінің соңғы уақытын Рей 
аймағындағы шағын елді мекенде, өз шәкірттерінің ортасында өткізеді. Оның ең 
жақын ізбасарлары 

Қасым Файзбахш шаһ пен Шамс ад
-
Дин әл
-
Жилани әл
-
Лаһиджи Темір әулетінің кейінгі билеушілері мен алғашқы Сефеви әулеті 
118 


тарапынан қолдау тауып, қамқорлықтарын көрді. Нұрбахшылар идеяларын Иранда 
Сефеви әулеті
нығаюына жағдай жасады. 1496 жылы нұрбахшылардың бірі 
Шамсаддин Кашмирге қашып келіп «Шамасин» 
– 
«күнге табынушылар» қауымын
таратады. Олардың ілімі бойынша күннің нұрлы болуы иман тазалығына, ал адам 
тіршілігі күн нұрының шапағатына байланысты деп түсіндіреді. Оны Ислам дінін 
қабылдағанына
көп болмаған, бұл діннің бүге
-
шігесін біле бермейтін жергілікті 
әкім
оны жақсы қарсы алып, жер де бөліп береді. Әуелде Шамсаддиннің уағызына 
иланып ұйып қалған кашмирліктер сүннаны қойып, нұрбахшылар қауымдастығына 
кіре бастаған еді.
Бұдан кейінгі жүз жылдықтарда Нұрбахшылар қуғынға ұшырады, XIX 
ғасырдың соңына дейін Кашмирде 20 мыңнан астам адам Нұрбахшыларды 
жақтады. Нұрбахшылар доктринасы Мұхаммед Нұрбахш ар
-
Рисалат әл
-
итикадийа 
мен әл
-
Фикх әл
-
ахват еңбектерінде, сопылық автор Махмұд Шабистаридің (1320 
жылы өлген) Гулбан
-
и раз кітабына Шамс ад
-
Дин әл
-
Лахиджи жасаған 
түсініктемеде баяндалған. Ілімнің негізгі уағызы: ақиқат және қосымша имандыққа 
сену, бұлар «үлкен жиһад» және «кіші жиһад» деп те аталады. «Кіші жиһад» 
имамның міндеті сыртқы және рухани қасиеттерінің
жиынтығын білдіреді. Қадір
-
қасиеті
мол нағыз имам әулиеліктің жоғары мәртебесіне жеткен Уәли болуы керек. 
Нұрбахштың пікірінше Әли Әбу
Талиб сондай болған. Нұрбахштың ойынша «кіші 
жиһад» белгілері имамның «әулиелігіне» ұласса ғана «үлкен жиһад» құрайды. 
Нұрбахш Мұхаммед заманындағы әдет
-
ғұрыптар мен дәстүрлерді қайта жаңғырту 
және оларды сақтау қажеттігін жақтап, жаңа нұсқаны» тыюға шақырды. 
Нұрбахшылар сопылық пен ұйымдық құрылымның жалпы түрін байланыстырды. 
Бауырластық басшысы мен оның мирасқор шейхтары мүридтер сопылық пен 
«қызмет атқару», «оқшаулану», узла «тақуалық» және «рухани сұқпаттасу» кіретін 
рухани жетілу жолынан өтетін ханакаларды басқарды. Нұрбахшылар киімдерінің 
дәстүрлі реңі 
– 
қара түс, имам әл
-
Хұсайын мен оның серіктерінің азапты 
қазаларына үздіксіз аза тұтулы танытты. Бауырластар ханафиттер арасынан 
мүшелікке шафииттік бағытқа көшіп, содан кейін шафиизмнен бас тартып, 
шиизмге кірген жағдайда ғана қабылданды [2].
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзі қашанда парасатты дін адамдарына үлкен 
сый құрметпен қарағандықтан оның ізбасарларымен пікірлесіп «Фикһ
-
и аһватты» 
Үндістанның
ғұламарына жіберіп, қарауды өтінеді. Өйткені

дін адамдары ел мен 
жұртты әміршілерді татуластырып, тәубаларына келтіріп бейбіт өмір сүруге, 
иманды болуға, адамгершілікке шақырған. Олар «бұл кітап иесінің жалған 
мазһабты ұстанып және Құран мен жалпыға мәлім дәстүрге (сүннаға) әрі 
үмбеттердің
ортақ пікіріне қарсы шыққанын және бұл ілімнің хақ жолындағы 
жамағаттың діни мазһабының ешқайсысына жатпайтыны анықтап, өз пікірлерін 
жазып береді.
Мұхаммед Хайдар Дулати күпірлік пен адасушылыққа ұрынған бұл 
қауымдастық
уағызының таратуына тыйым салып, кітабын жоюды міндеттейді. 
«Осындай ілімді түп
-
тамырымен отау және оған жол бермеу 
– 
діни қажеттілік, ал, 
ол кітаптың жақтаушылары мен бұл ілімді ұстанушыларға тосқауыл қою, қарсы 
шығу 
– 
дін ислам міндеттейтін ұйғарым екенін», 
– 
шегелеп айтады. «Ал, егер олар 
табан тіреп, райларынан қайтпайтын болса, онда дін ислам жолына тұрған мұндай 
кедергілерді алып тастап, ондай (қаскөйлердің) мұсылмандарға
деген ыза кегіне 
тойтарыс беру кажет», 
– 
деген тұжырым жасайды. Тіпті «дін тазалығы мен хақ 
119 


жолын сақтау үшін оларды жазалау керек. Ал, олар тәубеге келіп, ол ілімнен бас 
тартса, Әбу Ханифа <Алла оған разы болсын> мазһабының жолын ұстануға бұйрық 
берілуі тиіс»
деген, 
– 
бітім шығарады. 
Жергілікті халықты исламның сүннит бағытын тәрк етіп, шииттік бағытқа 
өтпеуге
күш салады. Шииттік бағыттың жұмысына тұсау салды. Билеушілер мен 
халықты бірігіп қимылдауға, бірігіп әрекеттенуге шақырды. Ол халықтың талап
-
тілегін орындап, сол тілектердің орындалуына жол ашты. Ислам дінін өте сауатты 
білетін ғалымның дін тазалығын сақтауы, түрлі дін атын жамылған секталарға 
қарсы
батыл күресуі заңдылық. 
Мұхаммед Хайдар Дулати Орта Азияда кеңінен тараған сопылық ілім мен 
оның тариқаттарына да мойын бұрған адам. Оларға құрметпен қарайтын. Оның 
отбасы, әсіресе әкесінің інісі Сейіт Мұхаммед Қожа Ахмет Ясауидің тариқатын 
ерекше сыйлаған. Негізінде Қашқарда тұрғанда
Сайд хан шарапқа әуестігін осы 
тариқат арқылы арылтуға күш салған еді. Мұхаммед Хайдар Дулати өзі дін 
жолындағы тақуа адам болғандықтан, шариғатқа қарсы жасалған барлық іс
-
әрекеттерді
жоюға тырысты, оны Кашмирдегі сопыларды сынға алуынан 
байқаймыз. Ол 
– 
«Кашмирдегі барлық сопылар 
– 
іштей кәпір, құдайдан безген, 
дінсіз жандар. Олар һалал мен харамды талғамайды, неге рұқсат етіліп неге тыйым 
салынғанынан хабарсыз. Тақуалық пен дәреттілікті түнімен ұйықтамау, тамақ 
ішуді тежеу деп ұғады. Не тапса да, не алса да харамы қайсы, һалалы қайсы, 
талғамай жей береді. Олардың осындай барлық нәрсеге талғамсыздығын баяндап 
жатудың да қажеті жоқ», 
– 
деп жазады [2, 602б.]. 
Сондай
-
ақ, Мұхаммед Хайдар Дулатиді халық қойған талап
-
тілектерді қасиет 
тұтты, оны өз мүддесінен жоғары ұстады, халық қажетін өтеуге қамқоршы болды, 
елдің қолы жеткен табыстарын қорғады, озбырлыққа, қиянатқа жол бермеді. 
Халықтың рухани құндылықтардың бірі 
– 
ар
-
намыс екенін жақсы ұққан Мұхаммед 
Хайдар Дулати, өз іс
-
әрекеті үшін өзінің моральдік жауапкершілігін түсініп, сезініп,
әділетті
болуға ұмтылғандықтан
Кашмирлік сопыларды одан әрі 
– 
«Сондай
-
ақ 
олардың бәрі ашкөздік пен сараңдық танытып қоймай, шариғатқа кереғар келіп, 
вакф мүліктеріне қол сұғуға тырысады», 
– 
деп қатты сынады [2, 602б.]. 
Қорытындылай келе, Мұхаммед Хайдар Дулати ислам дінінің тазалығы үшін, 
бір Алланың ғана хақ екенін, оған сыйыну қажеттігін, жалған дінді уағыздаудың 
кез
-
келген түрі күпірлікке алып баратынын ашып айтқан нағыз философ, 
дінтанушы ғұлама болды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің ислам діні туралы айтқан 
сөзі 
– 
«Бір нәрсе айдан анық: кімде
-
кім ислам діні мен Мұхаммедтің заңына, 
жолына кедергі, шабуыл жасаса, ешқашан жеңіске жетпеген, ал оның дәстүрін 
сақтап жолын қуған адамның күн сайын берекесі артқан». Ол ислам өркениетіне
өз 
еңбегінің тазалығымен зор үлес қосты. Мұхаммед Хайдар Дулатидің пікірлері 
бүгінгі күнмен сабақтасқан, өзекті мемлекеттік, қауіпсіздік мәні бар аса ірі мәселе 
болып табылады. Ол өзі басқарған кезеңде дін тазалығын басты өзекті мәселе 
ретінде ұстанды.
Қазіргі уақытта қоғамның әрбір мүшесінің елге жанашыр азамат болып 
қалыптасуы, адами құндылықтарды құрметтеуі қаншалықты маңызды болса, біз 
сол идеялардың кешегі Мұхаммед Хайдар Дулатидай бабамыздың мұраларынан 
бастау алатынына қазір анық көз жеткізіп отырмыз. Сол үшін исламның тарихын, 
жүріп өткен жолын, ата
-
бабаларымыздың ислам мәдениеті мен өркениетіне қосқан 
үлесін
тану 
– 
парыз. 
120 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет