Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
Шілдеханаға қазба
 
жұмыстарын жүргізеді. Шілдехана дегеніміз мұсылман дінінің дәстүрі
 
бойынша 
зиарат етуге және бүкіл қазақ далаларынан әкелінген мүрделерді жерлейтін орын. 
Сонымен қатар жер астынан Орта Азия архитектурасының тарихында ерекше орын 
алатын орта ғасырлық сегіз қырлы мазар табылды [64].
1960-
1963 ж.ж.
реставрацияны
Казгосстрой
жүргізеді. Маман кадрлардың
жетіспеуі салдарынан
реставрация кезінде көптеген қателіктер
жіберіледі

Археологиялық
обьектілер жербетінен
сыпырылып
тасталды. Рәбия Сұлтан
Бегім. 
Есім
хан, Қылуеттің
кірпіштері
кесененің пештағын
жөндеуге жұмсалды.
1972 ж. 29 науырызда Қазақ, КСР Министрлер Кеңесінің Қожа Ахмет кешенін 
халықаралық туризмнің зонасына кіргізуіне байланысты ғылыми зерттеу, 
архитектуралық, реставрациялық жұмыстарды жақсарту туралы қаулысы шықты. 
Қаулыға
сәйкес 1973
-19
74 ж.ж. археолог Т.Н. Сенигованың басшылығымен кесене 
маңында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді [65]. Нәтижесінде өте бағалы, 
кесене тарихына құнды заттық дерек боп табылатын архитектуралық обьектілер 
ашылды. Атап айтқанда, 1628 ж. салынған Есім хан
кесенесі, орта ғасырлық 
қаланың
орны, Әулие Құмшық ата мазары. Сонымен қатар бұрынғы табылған 
құрылыстар
да қайтадан қазылды. Шілдехана, сегіз қырлы мазар, Үлкен Қылует, 
кіші Қылует Дәретхана, Рәбия
-
Сұлтан
-
Бегім, Есім хан, Сегізқырлы мазарда 
консервация
жасалды.
1973-
1986 ж.ж. қазақтың тұңғыш кәсіпқой сәулетшісі,
профессор
М.М. 
Меңдіқұлов ескерткіштің бас консультанты болып, реставрация жұмыстарының 
ғылыми
дәрежеде жүргізілуіне көп ықпал етті.
Кесененің территориясындағы орта ғасырлық көне монша жөнделе бастады. 
Орта ғасырлық сирек кездесетін гидротехникалық құрылыс болғандықтан монша 
жөнделіп мұражайға айналдырылды [66].
Кесене тарихына байланысты заттарды Р.З. Бурнашева [67], В.Е. Воронина 
[68] зерттеп, жүйеге келтірді.
Р.З. Бурнашева кешен территориясынан соңғы жылдары табылған 
монеталардың каталогын жасады. Ұзын саны 2000 монета 1635 ж. Түркістанда 
шыққан екен. Зерттеуші бұған дейін Орта Азия нумизматикасына белгісіз болып 
келген Түркістанда ірі ақша сарайы болған деп қорытынды жасайды. Бұл әсіресе, 
Түркістанның Қазақ хандығының
астанасы болып
түрған кезіндегі экономикалық 
байланыстың, сауда
-
саттық мемлекеттің саяси дербестігінің күшейгенін көрсетеді. 
Сонымен қатар, А.Х. Марғұланның Түркістан Қазақ хандығы заманында Ахмет 
135 


Ясауи ғибадатханасына байланысты "қызу сауда мен дінге табыну" орталығы 
– 
деген тұжырымын айқындай түседі [69]

В.Л. Воронина Алматыдағы археологиялық мұражайында сақтаулы тұрған 
ағаш бағаналарды Темір дәуіріне XIV
-
XVI ғғ. жатқызады. Темір Ахмет Ясауи 
ескерткішін салғызбастан бұрын

Арыстан бабқа (Ахметтің ұстазы) мазар 
тұрғызған. Автор бағаналар сол Арыстан бабтікі болуға тиіс деп жорамалдайды. 
Соңғы жылдары Ахмет Ясауи кесенесі кітапханасының 19 кітабы табылды [70].
1976 ж. жазда мавзолейдің маңынан күмбезіне дейін жақсы сақталған жер 
астынан XVI ғ. мазары табылды. Ішінен былғары мен ағаштан жасалған табыттың 
қалдықтары
сақталған 7 адамның сүйегі шықты. Бұл мазар бір бай жанұяның 
Түркістандағы бейіті екені, бас сүйектерінің антропологиялық 
 
жағынан монғолдық 
(ред. қазақтардікі нәсілге) нәсілге жататыны анықталды. Түркістан Қазақ 
хандығының астанасы боп тұрған кезде қазақтар алыс аудандардан өлгендерін әкеп 
жерлеген [71].
Түркістан Есім ханның тұсынан бастап 1598 ж. үш ғасырға жуық қазақ 
халқының астанасы болған. Ахмет Ясауи кесенесіне қазақ халқының ел қорғаған 
батырлары, қоғам қайраткерлері

игі жақсылары жерленген. Қаздауысты 
Қазыбектің
өмірі мен қызметі жайындағы мақаласында Б. Кемелов Ахмет Ясауи 
кесенесі қазақ халқының ұлттық пантеоны екенін атап көрсетеді [72].
1970 жылдардан бері қарай ескерткіш туралы Т. Бәсеновтің
[73], К. 
Ақышевтың [74] ғылыми еңбектері шықты.
Т.К. Бәсенов Ахмет Ясауи ескерткішін мешіт
-
кесенеден гөрі мемориалдық 
кешен деген құнды пікір айтты. Т.К. Бәсеновтің сәтті теңеуі ғимараттың мазмұнын 
айқындай түседі. "...Негіздей келгенде тамаша ғимарат болып шыққан өзгеше 
бітімді акрополь дүниеге келді..."
Ескерткішті жұртшылыққа насихаттап танытуда көрнекті суретші 
Н.Нұрмұхамедовтің түрлі
-
түсті фото сурет альбомының маңызы зор болды [75].
Софизм ілімінің пайда болуы, шығу тегі, оның Орта Азия мен Қазақстанда 
таралуы, қазіргі замандағы
-
сарқыншақтары. Түркістан қаласындағы құрылыстың 
өткендегі
және бүгінгі күндегі маңызы туралы атеистік бағытта жазылған ислам 
дінінің маманы
Ю.Т. Петраштың [76] кітабының үлесі
бар.
Бұрын
-
соңды сәулет өнерінің тамаша мұрасын танымдық мақсатта жазып 
жататын көп мақалалардың қатарына С.Е. Әжіғалидің біршама көлемді мақаласы 
өз
алдына ерекше. Автор Қожа Ахмет жайлы жазылған көп еңбектерді зерделеп, 
ескерткішті талдау барысында маман
-
зерттеуші ретінде тың ойлар қозғайды. Ол 
1935 ж. Ленинградта өткен Иран өнері мен археологиясының ІІІ
-
ші халықаралық 
конгресіне апарылған Қазанның, бүгінде қалпына келтірілген үлкен мұражай 
болған өзінің алғашқы тұрағына қайтарылуын орынды жазады [77].
Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан Бегімнің мавзолейі Қожа Ахмет Ясауи 
ғимаратынан
онтүстікте 75 м жерде орналасқан болатын.
1866 ж. орыс әскерлері 
оны оқ
-
дәрі қоймасы жасап, Есім хан кесенесін дәретханаға айналдырады. Осындай 
салғырттықтың салдарынан Рәбия Сұлтан ескерткіші 1895 ж. тамызда құлап түседі. 
Есім ханның күмбезі 1900 ж. тесіліп, одан әрі жаңбыр, қар суы ағып, ылғал кірген 
соң
екі
-
үш жылда тек 1,5
-
2 қабырғасы ғана қалады. С.Е. Әжіғали ескерткіш туралы 
бұрын
-
соңды әдеби
-
өнерге, фотосуреттерге шолу жасай отырып, өзінен бұрынғы 
136 


зерттеушілердің ескерткіш өлшемдерін тексеруде жіберген қателіктерін ашады. 
Ескерткіштің биіктігі 
22,70 м. болған

Күмбезі
Қожа Ахметтегі көрхананың көп 
қырлы
әсем күмбезінің көшірмесі сияқты соғылған [78].
Біраз жылдар ескерткіштің бас архитекторы болып қызмет істеген 
Б.Т.Тұяқбаеваның монографиялық зерттемесі мавзолейдің архитектуралық 
декорының ою
-
өрнек әшекейлерінің шығу тегі, өнер тарихындағы алатын орны, 
басқа ғимараттардың әшекей оюларымен салыстыра зерделеуге арналған. 
Ескерткіштен өсімдік, өрмелі, зоонтроморфтық оюлардың генезисі біршама 
тәржімаланып, зерттеле түскен [79].
Жалпы Орта Азиялык сәулет ескерткіштерін қаптаған көктастардың (глазурь) 
толық
құрамы әлі табылған жоқ. Осы салада ондаған жыл бойы жұмыс істеген 
реставратор
-
маман С.Тәкібаеваның зерттеулері тек біздің республикамызда емес, 
көрші Өзбекстан, Тәжікстан мамандарының да қызығушылығын тудырған еді [80].
Шымкенттік өлкетанушы ғимаратқа байланысты библиографиялық көрсеткіш 
жасады. Еңбекте
Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттер толық емес және қазақ 
тіліндегі күнделікті баспасөз материалдары қалыс қалған [81], кейіннен 
библиографиялық көрсеткіш толықтырылып, тақырыптарға бөлініп Ұлттық 
кітапхана жанынан шықты.
Ғимараттың
маңында, қамал
-
қорғанда, орта ғасырлық Түркістанда, 
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген археологтардың зерттеу жұмыстары, 
көне қаланың хронологиялық жасын ұлғайтып, қаланың толып жатқан құрылыс 
жобасын, фортификация, инженерлік, ирригациялық сілемдерін ашып көрсеткен 
[82]. 
Ескерткіш маңына жерленген халқымыздың тарихи қайраткерлерінің 
мазарлары көптеген жылдар бойы еленбей келді. Әсіресе, 1960 ж. ғимаратқа 
жөндеу
-
реставрация жұмыстары Гостройдың қолына тиген кезде ондаған мавзо
-
лей, мазарлардың орындары бульдозермен жермен
-
жексен болды. Неліктен екені 
белгісіз бұл жұмыстарға архитектуралық бақылау (архитектурный надзор) жасаған 
архитектор Т.К.Бәсенов бұл жұмыстардың жобасына қолын қойып, жол ашып 
берген. 1960
-
1970 ж.ж. Қожа Ахмет Ясауи ескерткішін жөндеу
-
реставрациялау 
жөнінде мәдениет министрлігінің, ғылыми
-
реставрациялау шеберханасының 
(кейін Казпроектреставрация институты аталды 

А.Т.) 
ғылыми
-
көркемөнер 
кеңестерінің хаттамаларында ғимарат жанындағы батырлар мен хандардын 
мүрделері туралы кеңестін мүшелері болған академик Ә.Марғұлан және Т.Бәсенов 
бірауыз сөз айтпаған. Жалпы ғимарат маңайындағы баға жетпес мұрағаттардың 
тағдырына араласа алмаған ұлттық зиялылардың бей
-
жайлығы
– 
тарих алдында 
кешірілмес күнә. 1960
-
1970 ж.ж. бас кезінде не бір жазушы, не журналист бұл 
мәселе жөнінде сөз козғамаған. 1970 ж. Қожа Ахмет Ясауи ғимаратын 
реставрациялауға және Есім хан мавзолейін реконструкциялауға қатысқан 
архитектор С. Нарыновтың күнделігінде қызық фактілер бар. Оның айтуынша

Есімхан мен Абылай хан мавзолейлері 1864 ж. орыстарға дейін, Қожа Ахметтің көк 
күмбезі қоқандықтардың қолында болған, әдейілеп масқараланып зақымдалған. 
"...Есім мен Абылайдың оңтүстікке жорықтарын сарттар ұмытпаған екен, қанша 
мұсылман болса да мүрделерден кек алған екен..." [82].
137 


1994 ж. ескерткішке реставрациялау жұмыстарын түріктер қолына алуы 
ғимарат
тарихының жаңа кезеңін бастады. Тарихи қайраткерлердің ішінде әзірге 
бірінші рет Абылай ханның мүрдесі антропологиялық тарихи
-
этнографиялық 
салыстырмалы әдіспен бейнесі қалпына келтіріліп, қайта жерленді. Бұл туралы 
талас мәселелері көп болғанымен антроплог ғалымдар О. Смағұлұлының, А. 
Оразаққызының тарихшы М. Қожаевтың нағыз ғылыми кешенді еңбектерін атап 
айтқан жөн [83].
Қорыта
айтқанда, соңғы жүз жылдықта жинақталған тарихнамалық 
әдебиеттерге
ғылыми тұрғыдан талдау жасай отырып қарасақ, Ахмет Ясауи 
мемориалдық кешенінің салынуы мен тарихи маңызы туралы фактілердің 
толықтырылып бір арнаға түскенін көреміз. Тарихтың көптеген мәселелері алдағы 
ұрпақ
үшін, анықталып, зерттеліп, қайтадан қалпына келтіруге, әсіресе Кеңес 
дәуіріндегі зерттеулері жемісті болды. Сонымен қатар, Ахмет Ясауи мен оның 
мавзолейі туралы әдебиеттерге шолу әлі де
 
көптеген мәселелердің ғылыми 
тұрғыдан шешілмегенін көрсетеді. Мысалы, Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметі 
және Түркістандағы мемориалдық комплекстің көп функционалдығы жөнінде әлі 
де тыңғылықты зерттеулер жоқтың қасы.
Қазан
төңкерісіне дейінгі және Кеңес дәуіріндегі зерттеу еңбектерінің басты 
кемшілігі
– 
Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші ирандық
-
ортаазиялық мәдениеттің 
жемісі деп пайымдауда. 
«
Кешен не үшін, кандай максатта кімдерге қызмет етуге 
арналған
» 
деген сұрақтар төңірегіндегі мәселелерге ғалымдар мән бермеген. 
Әлемдік тарихта бір халықтың қажетілігін екінші бір халықтың сәулетшілері мен 
шеберлері сол халықтың мақсат
-
мүддесіне, идеологиясына сай өнер туындыларын 
жасаған. Ал, бірақ сол өнер туындылары халықтікі деп есептеледі. Мысалы, 
скифтерге арнап грек зергерлері
соққан әшекей бұйымдар, Петербургтегі италъян 
архитекторлары жасаған сәулетті
-
сәнді сарайлар т.с.с. Дәл осындай жәйт Ахмет 
Ясауи ғимаратын салуға да байланысты. Темірдің құрлысының негізгі 
өлшемдерінің
өзі анықтап, ғимараттың бас архитекторы етіп, жергілікті түрік 
руларының бірінен шыққан Маулен Убайдулла Садырды тағайындауы бекер емес, 
олай болса ескерткіш қазақ халкының ата мұрасы деп айта аламыз.
Келешекте Ахмет Ясауи тарихын зерттеулердің назарын екі мәселе төңірегіне 
аударғымыз келеді:
Ахмет Ясауи кешені
– 
Қазақ
халқының ұлттық пантеоны. Мұны Қазан 
төңкересіне дейінгі зерттеушілердің біразы мойындайды. Түркістан Қазақ 
хандығының астанасы болып тұрған кезде ХV
-
ХІХ ғғ. Есім хан, Жәңгір, Бөгенбай 
батыр, Қаздауысты Қазыбек би, Мамай батыр, Абылай, Жолбарыс т.б. жерленген. 
Осы бағытта зерттеу жүргізсе әзірге мәлімсіз тарихи қайраткерлердің аты
-
жөні 
табылары сөзсіз. Бүкіл құрылыстың кілті 
– 
алып қазан тұрған "қазандық"
– 
деп 
аталатын бөлме. Оның құлағына он ту бекітілген. Бұл сұраққа жауапты қазақ 
халқының этникалық тарихы мен әдет
-
ғұрпынан іздегеніміз абзал. Қазақта ас беру 
кезінде, асқа қанша ру шақырылса, әр ру өзінің туын үлкен тайқазанның қасына 
шаншып бастарын түйістіріп қою дәстүрі орындалған (мұны информаторлардың 
жауаптары айғақтайды). Тулардың саны неге он десек, қазақ халқын құраған негізгі 
он тайпадан, себебі халқымызда мынадай сөз тіркестері бар: "он сан байтақ" "он 
тулы байтақ", "он сан алаш", көне түркілердегі "он оқ бұдұн" (народ десяти стрел).
138 


Он сан байтақ
билігі

Хан Абылай
төреңде
,... 
(Бұқар жырау)
Біздің Ер Исатай өлген күн

Он сан батақ білген күн
,... 
(Махамбет)
Тәуке болып ханымыз
,
Рахат тауып жанымыз,..
Он сан алаш бірігіп, 
Ойран болды жауымыз. 
(Халық өлеңі)
Біздің пайымдауымызша, қазанды айнала қоршай ілінген он ту он тайпа елдің 
символикалық бірлігін бейнелейді. Қазанды қадір тұту көшпелідердің сонау скиф
-
сақ заманынан келе жатқан дәстүр. Сондықтан да, Ахмет Ясауи кешенінің салынуы 
халқымыздың шығу тегімен, этникалық тарихымен тура байланысып жатыр деп 
айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет