1.1-тапсырма. Нұсқауды орындау Аты-жөніңіз: _________________________________________ Күні: _______
1.
Төменде берілген барлық нұсқаулықтарды орындамас бұрын мұқият оқып
шығыңыз.
2.
Аты-жөні графасына өзіңіздің атыңыз бен фамилияңызды жазыңыз.
3.
№1 нұсқаулықтағы «барлығы» деген сөзді дөңгелектеп қоршаңыз.
4.
№2 сөйлемдегі «Аты» деген сөздің астын сызыңыз.
5.
№4 нұсқаулықтағы «астын сызыңыз» деген сөзді дөңгелектеп қоршаңыз және
бірінші сөйлемдегі «оларды» деген сөзді қарайтып бояңыз.
6.
Осы құжаттың атауын дөңгелектеп қоршаңыз.
7.
1, 2, 3, 4 және 5 сандарын дөңгелектеп қоршаңыз, 6 санының жоғары жағына Х деп
жазыңыз.
8.
№7 сөйлемдегі жұп сандарды дөңгелектеп қоршаңыз және тақ сандардың астын
сызыңыз.
9.
Осы құжат атауының жоғары жағына «Мен нұсқаулықты орындай аламын» деп
жазыңыз.
10.
№1 тапсырмада айтылғандай, нұсқаулықтың барлығын оқып болған соң, тек №3
нұсқаулықты орындаңыз. Басқа нұсқаулықтарға назар аудармай, №1, 10 және 3
тапсырмаларды орындаңыз.
Рефлексия: Нұсқауларды орындағанда қандай қиындық болды? Осы тәжірибені курстың мазмұнымен
қалай байланыстыруға болады?