6-күн, 1-2-сабақтар. Бөлім бойынша жиынтық бағалау: тапсырма әзірлеу 6.1-тапсырма. Бөлім бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеуге қатысты
тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын анықтаңыз (Иә/Жоқ).
Ең жоғары балды, өткізу формасын және орындау уақытын мұғалім өзі
анықтайды.
Орындау уақытында меңгерген материалдың күрделілік деңгейін, көлемін
шектеуді есепке алу қажет.
Балдарды жоғарылату не кеміту тапсырмалардың күрделілік деңгейі мен
санына әсер етпейді.
Жиынтық бағалауды құрастыру кезінде жұмыстың ең жоғары балы 10
балдан кем емес болғаны дұрыс.
Бөлімнің мазмұны күрделі болған сайын БЖБ-ның ең жоғары балы
жоғары болады.
Апталық оқу жүктемесі 1 сағат болған кезде БЖБ бір тоқсанда екі реттен
артық өткізілмейді.
Тоқсанда бір бөлімді меңгеру кезінде оны екі кезеңде өткізуге рұқсат
етілмейді.
БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде оқылатын бөлімдегі барлық
материалдар қамтылуы керек.