(т) шөл дала әлемі
«қи қоңыз»
. Еркін бағытқа фитбол домалату.
Нұсқау – зал алаңымен фитбол домалату, саусақтар-
ды жеңіл қимылдата отырып допты итеру, бір-біріне
соқтығыспау.
Лай-батпақ әлемі
«Батпақтан өту» қимыл ойыны
«Қол ұстасып бәріміз
Батпақты кешіп өтеміз.
Аттап-аттап секіріп,
Арғы бетке жетеміз.
Бір-екі, тоқтама
Кәне, достым, сен баста!
Ойынға қатысушылар еденге тақтай қойып, үстіне
тұрады, бір адым жерге тағы бір тақтай қойып соған ат-
тайды. Осыдан кейін артта қалып қойған тақтайды жүріп
бара жатқан бағыт бойынша тағы алдыңғы жаққа қояды.
Гимнастикалық қа-
бырға.
Фитболдар.
Қорытынды бөлім
28–30
(Ұ, Ө)
«Гүл»
Жайқала өскен қызыл гүл,
Күлтесін таңда ашады.
Тамыры жерден нәр алып,
Айналаға нұрын шашады.
Балаларға өздерін гүл ретінде елестетіп, тиісті қалыпта
тұруын ұсынады. Табиғат әлемін аялау, адам табиғаттың
бір бөлігі екенін естеріне салады.
|