Допты себетке лақтыру. Нұсқау: екі қолдап жоғарыдан лақтыру, көп жағынан алғанда
лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас,
бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғары ұсталады, ал
бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға
қарай бағытталады. Допты нысанаға көздеген кезде аяқ та
бір уақытта бүгіледі. Саусақтарды ашып, допты лақтыруға
дайындалады. Балалар допты лақтыру кезінде тұрыстарын
өзгертпей, шынтақтарын екі жаққа созбай және ұшып бара
жатқан допқа қарап тұрулары қажет.
(т, Ө, ПК) Бір орнында қос аяқты серпе отырып,
30 см биік заттың үстіне
қарғып шығу – жерге екі аяқтап түсу.
Секіретін жолаққа келіп қолды сермей отырып, бар күшпен қос
аяқты серпуге тырысады. Жерге түскенде аяқты тізеден сәл
бүгіп, қолды алға қарай жазады.
Волейбол
доптары.
Баскетбол
доптары,
қашықтықты
белгілейтін
заттар,
(отырғыштар,
текшелер).
Үстіне шығуға
арналған биіктігі
30 см зат.