(Ұ)
«
Үшінші артық
»
қимыл ойыны
– балалар екі-екіден
бір-біріне теріс қарап шеңбер жасап тұрады. Жұптардың
арасындағы қашықтық – 2-3 адым.
«Артық» ойыншы қашады, ойын жүргізуші қуады. «Артық»
баланың міндеті қашып жүріп, кенеттен кез келген баланың
алдына тұра қалады. Егер ойын жүргізуші бұған дейін оған
қол тигізіп үлгермесе, жұпсыз қалған бала «артық» болып
саналады.
Қорытынды
бөлім
28–30
«Өзін бағалау маршы»
Балалар бір-бірінің артына тұрып дөңгелене жүреді және
аяқтарын жерге бар күшпен нық басады. Педагог: «Мен
аяғымның астындағы жерді сезіп тұрмын. Ол тығыз, мықты.
Мен өзіме сенімді қадам басып келемін» деп анық айтады.
Балаларға әрбір қадам аттаған сайын: «Хо-хо-хо!» деп
10–15 секунд айтқызады. Содан кейін «Мен-мен-мен» деп
алақанымен кеудесін соғады.
129
Достарыңызбен бөлісу: |