(Ұ) «Доп кімде?» қимыл ойыны Балалар қолдарын артқа жасырып, дөңгелене тұрады.
Ортада көзі жұмулы ойын бастаушы тұрады. Ол кішкентай
допты шеңберде тұрған балалардың біріне береді.
Балалар байқатпай допты арқадан қолдан-қолға өткізеді.
Ойын бастаушы көзін ашып, доптың кімде екенін табуға
тырысады. «Сәуле, қолыңды көрсет!» – деп балалардың
бірінен сұрайды. Ол қолын көрсетеді де, қайтадан арқаға
жасырады. Допты қолда ұзақ ұстауға болмайды, ойын
бастаушыға балалардың қатарынан сұрауға болмайды.
Егер бастаушы доптың кімде екенін тапса, сол ойыншы
ортаға шығып ойынды жалғастырады.
Керілген жіп
(биіктігі 30 см).
Диаметрі 5 см доп.
Қорытынды бөлім
28–30
Балаларға өздерінің доппен қимыл дағдыларын бағалауды
ұсыныңыз. Топтағы тәртіп ережесіне балалардың назарын
аударыңыз. Бір ойыншының әрекеті бүкіл топтың ойын
нәтижесіне қалай ықпал ететінін түсіндіріңіз.