Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
Қызығушылықты
ояту
0–3 минут
Баскетболшылардың тамақтану тәртібі туралы әңгімелесу.
Спортшылар мен балалардың тамақтануын салыстыруды,
ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауды ұсыну.
Бір баладан қатарға тізіліп, бірінші-екіншіге бөліп санау.
Бірден, екіден зал ортасымен саппен жүру.
Қозғалыс ырғағы мен аяқ-қол қимылының үйлесімдігіне
назар аудару.
Баскетбол, футбол,
волейбол доптары.
Негізгі бөлім
4–12
13–27
Жалпы дамыту жаттығулары (3 мин.) Баяу жүгіру. Кең
және қысқа адымдап жүгіру –
қолды құлаштай сермеп,
қысқа және жиі адымдай отырып жеңіл жүгіру (1 минут).
(Ұ) «Жеделсаты» – тыныс алуды қалпына келтіру
жаттығуы
Алақанды кіндік үстіне қойыңдар.
Ішті үйдің бірінші қабаты деп елестетіңдер. Одан сәл
жоғарыда асқазан – бұл үйдің екінші қабаты. Алақанды
сонда жылжытыңыз. Енді алақанды кеудеге қойыңдар, бұл
үйдің үшінші қабаты деп ойлаңдар.
Дайындалыңдар, қазір «жеделсатымен жүре бастаймыз»:
Ауаны бірінші қабатқа, яғни ішке дейін жететіндей терең
жұтыңдар. Демді іште ұстаңдар. Ауызбен дем алыңдар.
Тағы ішке ауа жұтыңдар, ауа бір қабат жоғары, асқазанға
дейін барады. Демді іште ұстап тұрып, ауыз арқылы
сыртқа шығарамыз.
Қайта ішке дем тартып «жеделсатыны» кеудеге дейін,
бір қабат жоғары көтеріңдер. Демді іште ұстап тұрып,
қайтадан ауыз арқылы демалыңдар.
Сыртқа дем шығарған кезде, қысым мен алаңдаушылық
жеделсаты есігінен шыққандай, денеден сыртқа шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |