«Желпуіш бейнелейміз» жаттығуы
: бір орнында тұрып
шаңғының бас жағы айналасында 180 градусқа бұрылу ке-
рек.
(Ө, т)
«Жерасты жолы»
. Алаңға ұзынынан таяқтар
қойылып, оларға әртүрлі биіктікте жіп керіледі. Балалар
жүгіріп келіп түрлі топтармен жерасты жолынан өтеді. Ке-
рілген жіптің биіктігіне қарай астынан өрмелеп өтудің түрлі
қимыл тәсілдерін пайдалануға назар аударылады.
Жаттығу орындаған кезде жеткілікті арақашықтықты
сақтауға назар аударыңдар.
«Бағдаршам» қимыл ойыны
Педагогтің белгісі бойынша балалар қозғалысты өзгертеді.
Жасыл түске барлығы жүреді, қызыл
түске – тоқтайды, ал сары түске – шапалақтайды.
Қорытынды бөлім
28–30
Балаларға «Енді мен қалай екенін білемін …» сөйлемін
жалғастыруды ұсыныңыз.
№ 12 ҰОқ
тақырыбы:
Ерекше жаттығу
ҰОқ-ның
оқыту мақ-
саты
0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, мәнерлі
сап түзу, жүру түрлерін орындау.
0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау.
0.2.1.6. Қашықтыққа, көлденең және тік нысанаға лақтыру.
0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түріндегі ептілік, жыл-
дамдық пен реакция.
0.3.1.1. Алуан түрлі ойын түрлерінде әртүрлі дене жаттығуларын орындау барысын-
да басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |