Күтілетін нәтиже Барлық балалар орындай алады: Қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізу.
Екіден, бірден қайта сап құра отырып жүру; артымен; жұмулы көзбен.
5 минут баяу екпінмен жүгіру.
Педагогтің бұйрығы бойынша жылдам шеңберге тұру.
Балалардың көпшілігі орындай алады: «У-шу» элементтерін орындау.
Педагогтің нұсқауына сәйкес қозғалыс орындау.
Бір-бірінің артынан бір аяқтап құрсаудан-құрсауға секіру.
Кейбір балалар орындай алады: Құрсауды сызықтан ең алысқа домалату.
Құрсауды тік білігінен бәрінен ұзақ айналдыру.
тілдік мақсат Балалар іс-әрекетті талдау және бағалау, өзінің және өзгенің олқылықтары мен
әлеуетін анықтау дағдыларын көрсетеді.
Пәндік лексика және терминология: Құрсаулар, тірек-қимыл тәсілдері, ереже, «у-шу», энергия, тыныс алу.
Талқылауға арналған сұрақтар: Бір аяқпен қозғалған кезде қандай тәсілдер қолданылды? Құрсау айналдыру
қандай бұлшық еттерді дамытады? Құрсаумен тапсырма орындау кезінде қандай
қиындықтарға кез боласыңдар?