қолды жоғары көтеру.
Тік тұрыңдар. Өкшені қосып,
аяқтың басын екі жаққа қарай бұру. Бас бармақты бүгіп, төрт
саусақпен қысып ұстау. Қолды ақырын көтеру, шынтақ сәл
бүгіледі, жұдырықтар бір-біріне «қарайды», арасы 30 см-ге
жуық. Осы қалыпта ішкі күшті пайдалана отырып, жұдырық
түйіп, өкшені жоғары көтере отырып, бүкіл денені барынша
тырыстыру.
Денені босаңсытып, өкшені төмен түсіру, жаттығуды
қайталаңдар.
Жұдырықпен құлақты жабу.
Тік тұру, аяқ иық деңгейінде,
аяқтың бас жағы екі жаққа қарайды. Бас бармақты бүгіп, төрт
саусақпен қыса ұстап, қолды екі жаққа көтеру. Содан кейін
жұдырық құлақты жабатындай білекті шынтақтан бүгу.
Осы қалыпта ішкі күшті пайдалана отырып, жұдырықты
түюмен қатар бүкіл денені барынша тырыстырыңдар. Денені
босаңсытып, жаттығуды қайталаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |