құралсыз орындалатын жаттығулар
1. «Еңкею». Б.қ. – н.т.: басты еңкейтіп, шалқайту. 8 рет.
2. «Жоғарыда шапалақтау». Б. қ. – аяқты бірге қосу, қол төменде. 1 – қолды екі жақтан
жоғары көтеріп шапалақтау; 2 – қолды екі жаққа жая отырып түсіру, б.қ. (8 рет).
3. «Бұрылыс». Б. қ. – аяқты алшақ ұстау, қол белде. 1 – оңға (солға) бұрылу, оң қолды
жанына қарай созу; 2 – бойды жазып ұстау, бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
4. «Отыру». Б. қ. – аяқты қатар қою, бел қолда.1 – отыру, қолды алға созу; 2 – тұрып,
бойды жазу, бастапқы қалыпқа көшу (8 рет ).
5. «Еңкею». Б. қ. – аяқты алшақ қою, қол артта. 1 – алға еңкейіп, жерге саусақты тигізу;
2 – денені тіктеу, бастапқы қалыпқа көшу. (8 рет).
6. «Отыру». Б. қ. – тізерлеп тұру, қолды түсіру. 1-2 – оң (сол) жамбаспен отыру, қол алда;
бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
7. «Бұрыш». Б. қ. – отыру, қолды артқа тіреу. 1 – аяқты созып алға-жоғары көтеру –
бұрыш; 2 – б.қ. (5-6 рет).
8. «Секіру». Б. қ. – аяқты алшақтатып қою, қолды белге таяну. 1–8-ге дейін санай отырып
қос аяқтап секіру; қысқа үзіліспен 3 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |