Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет482/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

«Аңшылар мен үйректер» 
Ойынға қатысушылар «аңшылар» және «үйректер» болып теңдей екі топқа бөлінеді. 
Алаңға көл белгіленеді. «Аңшылар» сызықтың сыртында, «үйректер» сызықтардың арасында 
тұрады. «Аңшылар» доп лақтырып «үйректерге» тигізуге тырысады. Доп тиген «үйректер» 
ойыннан шығады. «Үйректер» түгел қолға түскен соң топтар орын алмастырады. Аз уақыт 
ішінде көп «үйрек» ұстаған топ жеңіске жетеді.
«Орын алмастыр»
Залды ортасынан қақ бөлетіндей етіп арқан тасталады. Әрбір топ өз алаңына барып 
тұрады. «Жүгір!» – деп белгі берілгенде, балалар тек өз алаңында шашырай жан-жаққа 
жүгіреді. «Ауыс!» деген белгі кезінде топтар орын алмастырады. Қарсы бетке толық құраммен 
бірінші жүгіріп келген топ жеңіске жетеді.
«шеңбер» 
Құрсауларды шеңбер етіп орналастырады. Ойыншылар өз құрсауының ішінде тұрады 
(құрсау ішінде тек екі ойыншы ғана бола алады), ал ойыншылардың бірі осы үлкен шеңбердің 
ортасында тұрады. Белгі берілген кезде «үйі» жоқ ойыншы кез келген құрсауға кіріп, ондағы 
ойыншымен жұп құра алады. Жалғыз қалған ойыншы шеңбер ортасына тұрады, ойын 
жалғасады. Ойын аяғына дейін бірге болған жұп жеңімпаз саналады.
«тақиятастамақ»
Балалар шеңбер құрып отырады. Ойын жүргізуші оларды ту сыртынан айналып жүріп, 
балалардың біреуінің артына тақияны қалдырып, қашады. Егер артына тақия қалдырылған 
бала мұны байқаса, ол жүргізушіні қуып жетуі тиіс. Ал жүргізуші оның орнына отыруға 
тырысады. Егер бала жүргізушіні қуып жете алмаса, ол қалған балалардың тілегін орындайды.
«Айгөлек» 
Бұл ойында балалар екі топқа бөлінеді. Қол ұстасып бір-біріне қарама-қарсы өзара 20– 
30 м арақашықтықта тұрады. Бірінші топ ойынды бастайды:
– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген
Саған қандай ер керек? – дейді.
Екінші топ:
– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген
Бізге Марат керек, – деп таңдаған баланың атын атайды.
Ол тобынан шығып, сол жүгірген бойы тізбектеле тұрған қарсы топты жарып өтпек 
болады. Ол топты жарып өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетектеп өз тобына алып 
келеді. Егер ол топты жарып өте алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ойын соңында ойыншылар 
көп қалған топ жеңіске жетеді.


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет