220
«Аңшылар мен қояндар»
(лақтыру, қағып алу)
Ойынға қатысушылар арасынан аңшы таңдап алынады, қалғандары қоян болады. Залдың
бір жағында аңшыға арнап ойын белгіленеді, екінші жағында қояндардың іні болады. Аңшы
қояндардың ізін іздегендей әрі-бері жүреді де, үйіне қайтып келеді. Қояндар бұта арасынан
ытқып шығып (қалауына
қарай қос аяқтап, оң немесе сол аяқпен) түрлі бағытта секіреді.
«Аңшы!» – деп белгі берілгенде, қояндар ініне қарай зытады, ал аңшы оларға доп лақтырады
(оның қолында 2-3 доп болады). Доп тиген қояндарды ол үйіне алып кетеді. Әрбір аңшылықтан
кейін қолға түскен қояндардың арасынан аңшы таңдап алынады.
Достарыңызбен бөлісу: