қимылы көп ойындар
«Еденде қалма»
(жүгіру, секіру, ептілік)
Алаңның әр жерінен биіктігі 25–30 см. зат қойылады. Балалардың арасынан қуғыншы
таңдалады. Оның қолына шүберек байланады. Балалар әр жердегі заттардан қарғып, алаңда
жүгіріп немесе секіріп жүреді. Қуғыншы да олармен бірге қимыл-қозғалыс жасап жүреді.
Педагог: «Ұста!» дегенде, балалар заттардың үстіне шығып үлгеруі керек. Қуғыншы шығып
үлгермеген балаларды ұстап алады. Ұсталған балалар шетке барып отырады. Ойын екі-үш
мәрте қайталанған соң ұсталған балалар саны анықталып, қайтадан қуғыншы таңдалады.
Ойын әрі қарай жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |