Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет489/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

«Соқыртеке» (жүгіру)
Балалар бір-бірінен қолсозым аралықта дөңгелене отырады. Дөңгелек ортасына екі бала 
шығып, оның бірінің көзі байланады, екіншісінің қолына қоңырау беріледі. Қоңырау ұстаған 
бала жүгіреді, «соқыртеке» оны ұстауға тырысады. Қоңырау ұстаған бала қолға түскенде, 
келесі бала таңдалып ойын жалғасады.
«затты ауыстыру»
(шыбық буындарды дамыту, ептілік) 
Балалар 4-5 баладан топтасып шетте екі-үш сап құрып тұрады. Әр саптың қарсы бетінде 
шеңберде немесе үстелде бір шаршы жатады. Сапта бірінші тұрған балаларда құм толтырыл-
ған қапшық бар. Педагогтің белгісі бойынша олар үстелге жүгіріп барып, қапшықты қояды 


219
да, шаршыны алып кері жүгіріп келеді. Өз орнына келген соң, олар әкелген затын жоғары 
көтереді. Сапта бірінші болып тұрған балаға жалауды береді. Содан кейін жүгіріп келгенде 
әкелген затты саптағыларға беріп, саптың соңына барып тұрады. Ойын жалғаса береді, бірінші 
болып жүгіріп келген балаға жалау тапсырылады. Барлық балалар бір реттен жүгіріп келген 
соң, қай сапта жалау көп екені анықталады. Ойын балалардың қалауына қарай жалғаса береді. 
Ойынды қайталағанда балалар бір саптан екінші сапқа ауысуына болады, бірақ әр топта бала 
саны тең болуы тиіс.
«қармақ»
(секіру, ептілік) 
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ортада – педагог. Оның қолында бір ұшына құм 
толтырылған дорбаша байланған жіп болады. Педагог жіпті жерге жақындата айналдырады, 
ал балалар дорбашаны аяғына тигізбей секіреді. Педагог қалай секіру керектігін алдын ала 
түсіндіреді. Арасында үзіліс жасалады.
«тоқта»
(Кең адымдау, тепе-теңдік) 
Алаңның бір жағына сызық (бастапқы) сызылады. Балалар сызыққа жақынырақ тұрады. 
Алаңның қарсы бетіне ойын жүргізуші тұратын шеңбер сызылады (диаметрі 2-3 адым). Ол 
балаларға теріс қарап тұрып: «Тез адымда, ұйықтап қалма! Тоқта!», – деп дауыстап айтады. 
Балалар ойын бастаушы сөйлей бастағанда оған қарай жүреді, ал «Тоқта!» дегенде тоқтай 
қалады. Ойын бастаушы артына бұрылып қарайды. «Тоқта!» дегенде дереу тоқтамай қимылдап 
қойған бала қайтадан бастапқы сызыққа барып тұрады. Ойын бастаушы қайтадан теріс 
қарап тұрып: «Тез адымда!» деп айта бастайды. Балалар «Тоқта!» – деп айтылғанша жүреді. 
Осылайша балалардың алды шеңбердің ішіне келіп жеткенше ойын жалғасады. Шеңберге 
бұрын жеткен бала ойынды жалғастырады. 
«Бояулар» (
жүгіру, ұстау) 
Сатушы мен сатып алушы сайланады. Сатып алушы жырағырақ барып тұрады. Балалар 
сатып алушыға өздерінің қандай бояу болғысы келетінін айтады. Сатып алушы мен сатушының 
арасында төмендегідей диалог жүреді: 
– Тоқ, тоқ.
– Бұл кім?
– Айша. 
– Неге келдің?
– Бояу алуға. 
– Қандай бояу?
– Қызыл (көк, сары…). 
Егер ондай түс бар болса, сатушы оның бағасын айтады (10 көлемінде). Сатып алушы 
сонша рет оның алақанынан соғады. Аталған санның соңғысында «бояу» қашады, сатып 
алушы оны қуады. «Бояуды» ұстап алса, оны әрі апарып отырғызып қояды. Ойын жалғасады. 
Атаған бояу жоқ болса, сатушы: «Қызыл (көк, жасыл ... ) кілеммен бір аяқтап секір», – дейді. 
Сатып алушы белгіленген жерге дейін секіріп барып келеді. Бояулар түгел сатылып біткенше 
ойын жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет