«Жалын» (жүгіру)
Ойынға қатысушылар жұптасып тұрады. Сапқа қарсы екі-үш қадам жерде сызық
сызылады. Балалардың бірі қуғыншы болып сайланады. Сапта тұрғандар: «Жалында, жалында,
аспанда құстар қалқып ұшады, қоңырау үні сыңғыр қағады, бір, екі, үш, жүгір!» – дейді.
«Жүгір» деген сөзден кейін соңғы жұпта тұрған балалар екеуі саптың екі жағымен жүгіріп,
сап біткенде кездесіп, жылдам қол ұстасуы тиіс. Қуғыншы олар қол ұстасып үлгермей ұстап
алуға тырысады.
Егер қуғыншы оларды ұстап алса, ұсталған баламен жұп құрып, саптың
алдына тұрады. Жұпсыз қалған бала қуғыншы болады. Егер қуғыншы ешкімді ұстай алмаса,
ойынды жалғастыра береді. Барлық ойыншылар бір реттен жүгірген кезде ойын аяқталады.
«қуғыншы»
(жүгіру)
Балалар шеңбер жасап тұрады да, қуғыншыны сайлап алады. Қуғыншыдан басқасының
бәріне қызыл таспа үлестіріледі. Балалар таспаларды белінің артына қыстырады. Қуғыншы
шеңбер ортасында тұрады. «Жүгір!» – деп белгі берілгенде, балалар алаңда жүгіреді. Қуғыншы
олардың артынан қуып, бірінің таспасын суырып алуға талпынады. Таспадан айырылған
бала шетке шығады. Педагог: «Бір, екі, үш, тез шеңберге жүгір!» дегенде, балалар шеңберге
асығады. Қуғыншы тартып алған таспаларын санап, балаларға қайтарып береді. Ойын жаңа
қуғыншымен қайта жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |