«Ұсталып қалма!»
(секіру)
Ойынға қатысушылар шеңбер етіп тасталған жіптің төңірегіне тұрады. Ортаға екі бала
ойын бастаушы ретінде шығады. Педагогтің белгісі бойынша, балалар қос аяқтап шеңбер ішіне
секіріп кіріп, ойын бастаушылар жақындағанда қайта секіріп шығып кетеді. Ойын бастаушының
қолы тиген балаға айып салынады. Ойын соңында жеңілгендер саны анықталады. Бастаушы
ретінде тағы екі бала таңдалып, ойын жалғасады.
«Екі Аяз»
(жүгіру)
Залдың екі қарама-қарсы жағында арасы 10–20 м «үй» мен «мектепті» белгілейді. Екі
жетекші «аяз», қалған ойыншылар – балалар. Балалар үйдің жанындағы сызыққа орналасады,
ал алаңның ортасында «көшеде» екі аяз тұрады. Аяздар балаларға мынандай сөздермен
өлеңдетеді: «Біз екі жас ағайын, екі аяз мықтымыз». Бір аяз өзін көрсетіп: «Мен аяз – қызыл
мұрын», екіншісі «мен аяз – көк мұрын», – дейді. Екеуі: «Біздерден қорықпай, кім жолға
шығады?», – дейді. Барлық балалар жауап береді: «Біз қорықпаймыз, бізге аяз қорқынышты
емес!». Осы сөздерден кейін балалар үйден мектепке дейін қашады. Аяздар оларды ұстап
алуға тырысады, яғни оларды «қатырады». Ұсталғандар сол жерде тоқтайды. Сонан соң аяздар
балаларға жаңағы сөздерді қайталайды, балалар да жауап береді де, үйге жүгіреді. Жолда
ұсталып қалған балаларға көмектеседі, яғни оларға қолдарын тигізеді, сөйтіп оларды ойынға
қосады. Аяздар балаларды тағы ұстайды, тұрған балаларға көмектесуге бөгет жасайды. Екі
рет аяздар өлеңді толық айтпайды, тек соңғы шумақтарын айтады. Екі айналымнан кейін қолға
түскен балалардан жаңадан аяздарды таңдап алады. Қолға түскендерді санайды және жіберіп
қояды. Ойын қайтадан басталады. Жетекшілерді 3-4 рет ауыстырады. Ойынның соңында аяз
«қатыра» алмаған балалар және ең жақсы жүргізуші сыңарлар анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |