«Мұз, жел және аяз»
(жүгіру, ептілік)
Ойынға қатысушылар қол ұстасып, екі шеңбер құрып тұрады. Бір шеңбер ақ қардың
айналасына, екінші шеңбер көк қардың айналасына тұрады. Балалар дөңгелене айналып:
«Суық мұздар, мөлдір мұздар, жалт-жұлт етіп сыңғырлайды. «Сыңғыр-сыңғыр, сыңғыр-
сыңғыр!» – деп айтады. Педагог «Жел!» – деп белгі берген кезде, барлығы жан-жаққа шашырай
жүгіреді. «Аяз!» дегенде, әр топ өз қарының айналасына жылдам шеңбер құрып, қол ұстасып
тұра қалады. Бірінші шеңбер құрған топ ұпай алады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып
саналады. Алаңда жүгірген кезде балалар бір-біріне соғылып қалмауы керек.
«Бос орын»
(жүгіру, қимыл-қозғалыс үйлесімдігі)
Балалар шеңбер құрып тұрады. Педагог қатар отырған екі-үш баланы шақырады. «Бір,
екі, үш – жүгір!» деген белгі берілгенде, олар әр жаққа жүгіріп өз орнына барып отырады.
Педагог бос орынға кім бірінші жеткенін бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |